$ 494.87  520.65  4.91

Тихановская Лукашенкоға ультиматум қойды

Ультиматумды орындауға Минсктің 13 күн уақыты бар. Кетпесе…
фото: liga.net
фото: liga.net

Беларусь оппозиционері Светлана Тихановская президент Александр Лукашенкоға ультиматум қойды. Ультиматумды орындауға Минсктің 13 күн уақыты бар. Бұл туралы ол өзінің Telegram арнасына жариялады, деп хабарлайды newsroom.kz сайты.

«Саяси дағдарыстың, адамдарға жасалып жатқан зорлық-зомбылықтың, заңсыздықтың созылғанына екі ай болды. Жетер. Енді режимнің біздің үш міндетті талабымызды орындауына 13 күн уақыты бар. Лукашенко кететіні жайлы жариялауы тиіс. Көшедегі зорлық-зомбылық дереу тоқтатылсын. Барлық саяси тұтқындаp босатылсын. Біздің тура 13 күн уақытымыз бар. Біз дайындалып, бір жағынан бейбіт шерулерді жалғастыра беретін боламыз», – деді Тихановская.

Егер талаптар орындалмаса, онда халық болып жаппай шеруге шығып, мемлекеттік жұмыс орындарының жұмысын тоқтатып, барлық жолдарды жабу іске аспақ. Биліктің оппозиция талабын 25-қазанға дейін орындауына уақыты бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары