$ 494.87  520.65  4.91

«Абу-Даби Плаза» кешені құрылысының толық аяқталатын уақыты белгілі болды

Араб компаниясы өкілдері COVID-19 карантин шараларына байланысты нысанды 2021 жылы толық аяқтау жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

"Абу-Даби Плаза" көпфункционалды кешені құрылысы 2021 жылы аяқталады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгіновтің БАӘ-ге жұмыс сапары кезінде белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

БАӘ-ге жұмыс сапары барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов пен әділет министрі Марат Бекетаев үлесті басқару жөніндегі атқарушы директор Фахад Әл Махмудпен, жобаларды басқару жөніндегі бас директор Ибрагим Әл Магрибимен, жоба директоры және "Aldar Properties" компаниясының бақылау жөніндегі директорымен кездесті.

Құрылыс компаниясы Arabtec Holding жобасының бас мердігерінің күрделі қаржылық жағдайы "Абу-Даби Плаза" құрылысының аяқталуына әсер етпейтінін атап өтті. Кездесуде араб компаниясы өкілдері COVID-19 карантин шараларына байланысты нысанды 2021 жылы толық аяқтау жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Айтпақшы, сауда-ойын-сауық орталығы, қонақ үй кешені сияқты көпфункционалды кешеннің бірқатар нысандары 2019 жылдың желтоқсанында және 2020 жылдың наурызында ашылды.

Сонымен қатар, сапар барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов шетелдік инвесторлармен кездесті. Тараптар жеке инвестициялар есебінен Нұр-Сұлтанда білім, медицина, туризм және т.б. саладағы бірқатар маңызды жобаны жүзеге асыруға келісті. Бұл қала экономикасына жеке инвестиция тартып, жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары