Қазақстанда 90 күннен артық төленбеген жеке тұлғалардың кредиттері бойынша мерзімі өткен берешек деңгейі төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ресми деректер бойынша, 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жоғарыда көрсетілген тұтынушылық қарыздар бойынша азаматтардың берешек деңгейі жалпы сомасы 404 млрд теңгеге 6,2%-ды құрайды. Мұндай мәліметтерді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялады.
2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, жеке тұлғалардың кредит деңгейі жалпы сомасы 441 млрд теңгеге 7,6%-ды құрады. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 5,3 млн адамның банктерде қарыздары бар.
Оның ішінде:
Алматы – 25,3% Нұр-Сұлтан – 15,4% Шымкент – 6,3% Басқа өңірлер – 51,3%.
Мерзімі өткен берешектің ең көп деңгейі 500 мың теңгеге дейінгі (11%) кепілсіз тұтынушылық кредиттерге, сондай-ақ 5 млн теңгеден жоғары (66%) қарыздарға келеді.
Ағымдағы жылда тұтынушылық қарыздар бойынша берешектің орташа айлық өсу қарқыны 0,1% болды (2019 жылы - 2%). 2020 жылы 2,2 трлн теңгеге тұтынушылық кредиттер берілді. Тұтынушылық кредиттер берудің орташа айлық көлемі 2019 жылмен салыстырғанда (2019 жылы – 377 млрд теңге), 27%-ға 274,2 млрд теңгеге төмендеді.
Мәлімет үшін, 82,5% қарыз алушылардың орташа борыш сомасы 269 мың теңге болатын 1 млн теңгеге дейін сомада кепілсіз тұтынушылық кредиттері бар. Тиісінше, қарыз алушылардың көбінде Қазақстан Республикасы бойынша орташа айлық жалақының 1,3-еселік мөлшерінен аспайтын борыш жүктемесінің қолайлы деңгейі бар.