$ 498.34  519.72  4.85

Асылжан Мамытбеков жаңа қызметке тағайындалды

ҚР Ауыл шаруашылығы экс-министрі Асылжан Мамытбеков "Астана Банкі" АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді деп хабарлайды Informburo.kz. Банктің акционерлері жылдық жалпы жиында Мамытбековты банктің тәуелсіз директоры етіп сайлаған. Бұл қызметті бұған дейін Махамбет Хасенов атқарып келген еді.

Естеріңізге салайық, елімізде орын алған жер дауынан кейін 5 мамыр күні Мемлекет басшысы Үкімет мүшелерін жинап, Ауыл шаруашылығы министріне сөгіс берген болатын. Араға бір күн салып, 6 мамыр күні Асылжан Мамытбеков отставкаға кетуге өтінім берді және оның өтінімі қабылданды. Сол уақыттан бері экс-министр жұмыссыз жүрген.

Асылжан Мамытбеков 1968 жылдың 17 қыркүйегінде Шымкентте дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 1992 жылы ҚР Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының кіші ғылыми қызметкері ретінде бастаған. 1998 жылы ол Қостанай облыстық жер ресурстары басқармасына төраға орынбасары болып тағайындалды. 2003 жылы Қостанай облысы әкімінің орынбасары болды.

2004 жылы Астанаға келіп, қала әкімінің орынбасары, 2006 жылы ОҚО әкімінің орынбасары, ал 2011 жылы 11 сәуірде Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары