$ 448.15  483.46  4.86

Польша премьер-министрі қазақстандықтарға көңіл айтты

Ақтөбеде орын алған лаңкестік оқиғаларға байланысты Польшаның премьер-министрі Бэата Шыдло қазақ халқына, аталған жайттан қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғыра көңіл айтты.

Кеше Польша үкіметінің басшысы Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездескен болатын. Екі елдің өкілі Қазақстан-Польша мемлекетаралық қатынастарды, сауда-экономикалық ынтымақтастықты өте достық, өзара сенім мен жылы ілтипат руxында жан-жақты талқылады.

Естеріңізге салайық, Ақтөбедегі террорлық акт маусым айының 5-не орын алған болатын. Суық қаруланған лаңкестер алдымен қару-жарақ дүкенін тонап, кейін әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын. Салдарынан 8 адам қайтыс болып, ондаған адам жараланды. Сондай-ақ, құқыққорғаушылар 13 лаңкестің көзін жойды, қалған алтауына іздеу жарияланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары