$ 444.22  476.38  4.82

«Алдағы сайлау ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаларының бірі болары анық» – Әли Бектаев

Соңғы бес жылда партия қатары 52 мыңнан астам азаматпен толыққан.
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

«Ауыл» халықтық – демократиялық патриоттық партиясы алдағы Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауға қатысуға мүдделі. 

Бұл туралы бүгін партияның саяси кеңесінде оның төрағасы Әли Бектаев ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Baq.kz.

Оның айтуынша, 20 жылда партияның мақсаты да, бағыты да өзгерген жоқ. Елдің ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл тұрмысын жақсарту, әлеуметтік мәселелер әлі де партияның басым бағыты болып қалып отыр. 

"Алдағы сайлау ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаларының бірі болары анық. Біз саяси партия ретінде бұл науқаннан қалыс қалмауға мүдделіміз әрі оған қатысуға құқылымыз. Соңғы бес жылда «Ауыл» партиясы қоғамда өзінің орнын алды деуге толық негіз бар. Бұған партияның облыстық, жергілікті жердегі филиалдарының жұмысы оң әсерін тигізді", - деді Әли Бектаев.

Партия төрағасының айтуынша, соңғы бес жылда партия қатары 52 мыңнан астам азаматпен толыққан. Партия идеясын қолдаушылар мен ауыл өмірін жақсартуға ниет білдірушілер саны жыл сайын артып келеді.

Саяси кеңесте 18 қарашада партияның кезекті съезі өтетіні жөнінде қаулы қабылданып, партияның сайлауалды бағдарламасы қабылданатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары