Әлеуметтік желі бетінде Түркістан қаласының ақсақалдарының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Парламент депутаттарына және Бас прокурордың атына жолдаған ашық хаты пайда болды. Хатта Түркістан қаласындағы Бірлік шағын ауданындағы халықтың қаржысына салынған стадионның жекенің қолына өтіп кеткені және оған қала әкімі Рәшид Аюповтың еш шара қолданбай отырғаны айтылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Түркістан қаласында тұрғындар қаражатына салынған стадион халық игілігіне тез арада қайтарылсын!» деген ауыл ақсақалдарының ашық хаты Тәуелсіз кәсіподақ ұйымының төрағасы, «ЕЛ мен Жер» қозғалысының бастамашыл тобының мүшесі әрі қоғам белсендісі Талғат Қатауовтың facebook парақшасында жарияланыпты.
Қоғам белсендісінің айтуынша, ауыл ақсақалдарының айтуынша, бұрынғы "наглый" ауыл әкімі стадионды өзінің туыстарына бөліп берген.
«Бізден көмек сұраған ақсақалдар қара бастарын емес, тұрғындардың игілігін айтып отыр. Олар осы ашық хаты арқылы халықтың жанайқайын ел Президенті мен Парламент депутаттарына және Бас прокурорға жеткізуді сұрайды», - дейді Талғат Қатауов.
«Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевке, Түркістан қаласының әкімі Р.Аюповқа ВИРТУАЛДЫ АШЫҚ ХАТ» делінген Ашық хатта ауыл ақсақалдары сонымен қатар, өз талаптары орындалмаса, бейбіт митинг өткізуге дайын екендіктерін атап өткен:
Түркістан қаласында тұрғындар қаражатына салынған стадион халық игілігіне тез арада қайтарылсын!
Бізден, Түркістан қаласы "Бірлік" мөлтек ауданының тұрғындары атынан ауыл ақсақалдары әлеуметтік желіде бейне үндеу арқылы әбден ашынған халықтың жанайқайларын ҚР Президенті мен Парламент депутаттарына және Бас прокурорға жеткізуді сұрады.
Бұрынғы "наглый" ауыл әкімі стадионды тумаларына бөліп берген.
Бес мың халқы бар "Бірлік" ауылының тұрғындары ел игілігіне пайдалану үшін өздерінің қаражатына салынған стадионды "тірегі мықты" бұрынғы ауыл әкімі" тумаларына бөліп берген.
Бұл сөзіме Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың журналист Ләйла Сұлтанқызына берген онлайн сұхбатындағы сөзі нақты дәлел.
Қасиетті жер-Түркістан қаласының әкімі, сол жердегі Президент Тоқаевтың тікелей өкілі болып табылатын лауазымды мемлекеттік қызметкер ел-жұрттың алдында өтірік айтып, біреуге пәле жаппайтынын жақсы білеміз.
Көбіне, әкімдердің сөзіне сенбейтін едік. Аюповтың бұл сөзіне сенеміз.
Өйткені, әкімге "осылай айт" деп ешкім қорқытып, мәжбүрлеп отырған жоқ.
Және журналистің өзі "дұрыс естімей қалдым ба? " деп қосымша сұрағанда: "иә, расында Бірлік ауылының бұрынғы әкімі тұрғындар қаржысына салынған стадионды тумаларына үшке бөліп берген" деп ашық айтып, өз сөзін қайтадан қуаттап отыр.
Алайда әкімнің "заң бойынша стадионды халыққа кейін қайтарып береміз,
уайымдамаңдар!" деп мемлекеттік қызметкер, әкім және ер азамат ретінде айтқанына төрт ай уақыт өтіпті.
Әділетсіздік пен заңсыздықпен әбден ашынған халық "Әкім Аюпов сөзінен тайқып, жұртты алдап кетті, енді стадионнан айырылып қаламыз!" деп, қорқыныштарын білдіруде.
Бізден көмек сұраған ақсақалдар қара бастарын емес, тұрғындардың игілігін айтып отыр.
"Қадірлесең, қартыңды, жарылқаймын бәріңді!" деген хадис сөзіндей,
мұндай халықшыл ақсақалдарды әрқашан, әрдайым барып қолдауға дайынбыз!
Сіздерден, Президенттің жергілікті жердегі тікелей өкілдері ретінде СҰРАЙМЫЗ!
1. Стадион дауы бойынша істі насырға апармай, Парламент пен Президентке жеткізбей және сайлау науқаны басталған кезде ел-жұртты дүрліктірмей жергілікті жерде шешуіңізді;
2. Орын алып отырған заңсыздыққа, әділетсіздікке тосқауыл қоюыңызды;
3. Жұрттың қаржысымен халық игілігі үшін салынған "Бірлік" мөлтек ауданындағы СТАДИОНДЫ халық игілігіне тез арада қайтаруыңызды ТАЛАП ЕТЕМІЗ!
СТАДИОНДЫ ЖЕРІМЕН ҚОСА ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ ҚАЙТАРУ ҮШІН
БЕЙБІТ МИТИНГ ӨТКІЗУГЕ ДАЙЫНБЫЗ!
Егер даулы мәселе халық игілігі пайдасына әділ шешілмеген жағдайда, жол қашықтығына қарамастан Орал қаласынан барып қолдау білдіруге және алдын ала ескертіп, қала әкімдігі алдында тәуелсіз ақпарат құралдары мен блогерлерді шақырып, заңды түрде бейбіт митинг жасап, заңсыздық пен әділетсіздікке ашынған халық үнін Мемлекет басшысы Тоқаевқа жеткізуге мәжбүр боламыз!
"Әкім бол, халқыңа жақын бол!" деген дана сөздей, халыққа жақын болып, стадионды халық игілігіне қалдырады" деп сенеміз!
Талғат Қатауов-Тәуелсіз кәсіподақ ұйымы төрағасы, "Ел мен Жер" қозғалысының бастамашыл топ мүшесі.
Тел. 87086297116