$ 494.87  520.65  4.91

«Асыл арнаны» жауып, орнына «ТәлімТВ» ашамын» - М.Тазабек

Діни контенттерді басы бүтін өздеріңізге тапсырамын.
фото: фото: kaz.365info.kz
фото: фото: kaz.365info.kz

Мұхамеджан Тазабеков өзінің facebook парақшасында Алматыда ҚМДБ ғұламалар кеңесінің кезекті кеңесіне қонақ ретінде шақыртылғанын жазыпты. Айтуынша, жиында маңызды мәселелер қаралып, жамағат арасындағы түсінушілік пен кері ағымдардың жолын кесу мәселелері талқыланған.

Сонымен қатар, ол өзінің "Асыл арнасын" жабу туралы шешімге келгенін жазған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оның айтуынша, "Асыл арна" жыл аяғына дейін жаңа концепциясын дайындап, өз көрермендеріне «Тәлімтв» деген жаңа атпен жол тартып, ары қарай әлеуметтік – отбасылық, ғылыми – танымдық, мәдени – ағартушылық бағытта қызметін жалғастырады.

"Біраз уақыт бұрын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездескенде бүгін ғана тұсауы кесіліп жатқан “Халық арна” діни каналы жайында сөйлескен болатынбыз.

Егер діни канал ашып жатсаңыздар, “Асыл арнаны” жауып, орынына басқа арна ашамын, ал, діни контенттерді басы бүтін өздеріңізге тапсырамын” деп айтқан болатынмын.

Біраз уақыт бұрын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездескенде бүгін ғана тұсауы кесіліп жатқан “Халық арна” діни каналы жайында сөйлескен болатынбыз.

“Егер діни канал ашып жатсаңыздар, “Асыл арнаны” жауып, орынына басқа арна ашамын, ал, діни контенттерді басы бүтін өздеріңізге тапсырамын” деп айтқан болатынмын.

Себебі, діни уағызбен діни басқарма толықтай өздері айналысқаны жөн. Қазір бұрынғыдай емес, діни басқарманың кадрлық, қаржылық құзыреті діни арнаның қызметін қамтуға жеткілікті.

Сырт көзден де артық сұрақ туындамай, бір бұлақтан ақпарат тарқауы елге де ыңғайлы.

Ал, он жыл бұрын біз арна ашқан кезде алдымызда салыстыратын, үлгісін алатын мұндай жоба болмаған. Қатты қиналдық, іздендік, артық айттық, кем айттық, халықпен кеңесе жүріп осы күнге жеттік.

Ол кезде эфирде құмарлық насихатталса да құран оқылмайтын, мазаң қашатын әуен болса да азан айтылмайтын.

Қаншама ата-апаларымыз сұқбат тыңдап, жастарымыз рухани тағылым үйреніп, қаншама бағдарламаларды балаларымызбен бірге отырып ұялмай көрдік...

Аллаға шүкір, діни басқарма толысып, осыншалық ауыр жүк, діни аманатты мойынымыздан алып жатқанына қуаныштымыз.

"Халық арнаға" ақ жол, шығармашылық табыс тілейміз.

Ал, "Асыл арна" жыл аяғына дейін жаңа концепциясын дайындап, өз көрермендеріне "Тәлімтв" деген жаңа атпен жол тартып, ары қарай әлеуметтік - отбасылық, ғылыми - танымдық, мәдени - ағартушылық бағытта қызметін жалғастырады», - деп жазыпты ол  өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары