$ 494.87  520.65  4.91

«Мен марапатты сіз айтып отырғандай жайма базарынан емес, майдан азабынан алдым» - Бақытбек Смағұл

Қарағым, олай адаспаңыз! Сіздің көтеріп отырған мәселеңіз ескі әңгіме, ол бойынша тиісті тексерулер жүргізілген, қорытындылар шығарылған.
Фото: dalanews.kz
Фото: dalanews.kz

Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшесі Бақытбек Смағұл журналист Асылхан Мамашұлының фейсбуктегі жазбасына қатысты жауап берді. Ауған соғысының ардагері редакциямызға сонымен бірге бірнеше құжаты мен фотосуретін жолдады, деп хабарлайды arasha.kz сайты.

«Қарағым, олай адаспаңыз! Сіздің көтеріп отырған мәселеңіз ескі әңгіме, ол бойынша тиісті тексерулер жүргізілген, қорытындылар шығарылған. Байыбы мынау: 2005 жылы Қазақстан бойынша 43 адамға қоғамдық ұйымдар осындай награда тапсырды. Ол наградадан бас тартпай, әлі күнге тағып жүрген адамдар бар, мен олардың лайықты жауынгерлер екенін білемін, тек Кеңестік құйтырқы саясат кесірінен уақытында марапатын ала алмаған.

Ресейдің Подольскісіндегі бас архиві тек Кеңес үкіметі тарағанға дейінгі марапатталғандар бойынша ғана ақпарат береді. Ал посткеңестік кеңістіктегі тәуелсіз мемлекеттердегі 90-шы жылдардан кейін марапатын алғандар бойынша тізім оның қолында жоқ. Қазіргі уақытта Кеңес одағының кейбір орден-медальдарын қоғамдық ұйымдар береді. Қазіргі күнге дейін осы орденді алып жатқандар бар. 2011 жылы сіз айтып отырған мәселеге қатысты пікірталас туындағаннан кейін «Қызыл жұлдыз» орденінен жұрт көзінше бас тарттым. Ол протоколмен хатталған.

Бұл мәселе бірнеше рет көтерілді, мәселенің бұрмаланып отырғаны дәлелденді. Оның артында кімдер тұрғанын да білемін, бірақ сыпайылық сақтап, салғыласуға бармаймын. Батырлық сөлкебаймен, медальмен өлшенбейді, ағайын. Мен марапатты сіз айтып отырғандай жайма базарынан емес, майдан азабынан алдым деп есептеймін. Қазақтың қай батырының ерлігі орден-медальмен өлшеніпті. Соғысқа қатысқаным, ерлікпен соғысқаным рас. Харада да 1-ші ротадан жалғыз қалғаным шындық. Рота командирі Заколодяжныйдың өзі мұны құжат жүзінде растады. Қазақ қазақтың баласын қаралағаннан не ұтады, сабыр, ағайын! Қиянатқа барып, босқа күнә арқаламаңыз!»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары