$ 443.85  474.3  4.8

АҚШ тұрғындары сайлау қорытындысы шықпай жатқанына наразылық білдіре бастады

Белсенділер АҚШ президент сайлауындағы барлық дауысты есепке алуды талап етіп жатыр екен.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

АҚШ тұрғындары сайлау қорытындысы шықпай жатқанына наразылық білдіріп жатыр, - деп хабарлайды tengrinews.kz.

Дереккөз мәліметінше, Нью-Йоркте полиция Манхэттен көшесіндегі наразылық білдірушілерді ұстай бастады. Белсенділер АҚШ президент сайлауындағы барлық дауысты есепке алуды талап етіп жатыр екен.

"Бір топ адам полицейлерді балағаттаған. Сондықтан құқық қорғау органдарының қызметкерлері оларды ұстап, жерге жатқызып, кісен салып жатыр. Қалған полицейлер тәртіп бұзғандарды ұстап жатыр", - деп жазады агенттік.

Мичиган штатында да наразылық шарасы өтіп жатыр. NBC телеарнасының мәліметінше, ондаған адам бюллетеньдер есептеліп жатқан жерге келіп, дауыстарды санауды тоқтатуын талап етіп жатыр.

Сондай-ақ, дереккөз мәліметінше, Вашингтондағы Ақ үйдің маңында да қақтығыс болып жатыр. Қазіргі уақытта онда полицейлер жүр екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары