Павлодар қаласының экс-әкімі Оразгелді Қайыргелдинов тұтқындалды. Оған жемқорлық фактісі бойынша айып тағылып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Павлодар облысы бойынша Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Қайыргелдинов Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімі қызметін атқарған кезде «бармақ басты, көз қысты» әрекетке барған. Ол кәдеге жарамсыз аэродромды Баянауыл ауданының коммуналдық меншігіне облыс қаражаты есебінен 240 миллион теңгеге сатып алып, жемқорлыққа жол берген деген күдікке ілініп отыр.
Жемқорлыққа қарсы ведомство тегреу материалдары жарияланбайтынын атап өтті.