Көздің мөлдір қабығының жасушалары арқылы коронавирус жұқпайды. Бұл тұжырымға Сент-Луистегі Вашингтон университетінің ғалымдары келді. Cell Reports журналында жарияланған зерттеулерге сәйкес, қабық вирусты өткізбейді, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл фактіні анықтау үшін америкалық зерттеушілер 25 адамның, сондай-ақ тышқандардың көз қабықтарымен тәжірибелер жүргізді. Көз қабығын үш вирусқа: CoViD-19, Зика HSV-1герпесіне тексерді. Коронавирус тек адам ағзасы мен тышқандарға әсер етпеген.
Ғалымдар мұндай реакцияның не себепті екенін әлі анықтай алмайды. Бірақ олар азаматтарды жеке қорғаныс құралдарын, соның ішінде көзді қорғауға да шақырады. Өйткені, коронавирус денеге визуалды органның өзі арқылы емес, айналасындағы шырышты қабық арқылы енуі мүмкін.