$ 443.85  474.3  4.8

Мәжіліс сайлауына қатысатын партиялардың тізімі бекітілді

Сайлауға заңнама аясында жұмыс істеп жатқан 6 саяси партия қатысады.
Фото: аzattyq-ruhy.kz
Фото: аzattyq-ruhy.kz

2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауына 6 саяси партия қатысады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов айтты, деп хабарлайды Аzattyq-ruhy.kz.

Смағұловтың айтуынша, Қазақстанда заңнама аясында жұмыс істеп жатқан 6 саяси партия бар.

«Әділет министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 6 саяси партия тіркеліп, жұмыс істеуде. Оларды қайта құруға немесе таратуға уәкілетті органдар тарапынан құқықтық негіздер жоқ. Демек, Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына осы тіркелген саяси партияның барлығы жіберіледі. Оларды сайлауға жіберуден бас тартуға құқықтық негіздер жоқ», - деді Асылбек Смағұлов.

Мәжіліс депутаттарының сайлауына қатысатын саяси партиялардың тізімі: 

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
«Бірлік» саяси партиясы« қоғамдық бірлестігі;
«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі;
«Қазақстанның коммунистік халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
«Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары