$ 494.87  520.65  4.91

«Өз басым Мұхамеджанның «ақидамды жаңарттым» деген сөзіне еш сене алмаймын!» - журналист

Сәләфиттерде «егер, өзіңе қауіп төнетін болса, ақидаңды жасырып, шошқа етін де жеуге рұқсат» дейтін пәтуа бар. Мұхамеджан осы пәтуаға иек артқан сынды.
фото: abai.kz, Асыл арна
фото: abai.kz, Асыл арна

Айтыскер ақын әрі «Асыл арнаның» директоры Мұхамеджан Тазабековтің күтпеген жерден өзінің жиырма жыл бойы ұстанған сәлафилік ұстанымынан бас тартып, мәлімдеме жасауын расы керек, қазақ қоғамы әлі де қабылдай алмай жатыр. Бір тобы Тазабековтің бұл тірлігін ерлікке балап, қолдау білдіріп жатса, екінші тобы оның бұл қадамының астарында саяси астар жатыр деп санайды. 

Мәселен, журналист Тоқтар Жақаштың айтуынша, Мұхамеджанның бұл ісі оның басқа формамен әрекет етудің амалы. Жастардың басын қатыру үшін «дағауаттың» жаңа форматына, жаңа уровеньге көшуі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Мұхамеджанның "адасып келіппін, ақидамды енді таптым" дегенін ерінбестен тыңдап шықтым. Сосын үй-іші мен бала-шағасына күнде тыныштық бермей шулатып алып, ертеңіне «Мен қателесіппін. Енді өйтпеймін!» деп ақталатын алқаш көршім есіме түсіп кетті. 

Өз басым Мұхамеджанның "ақидамды жаңарттым" деген сөзіне еш сене алмаймын! Сәләфиттерде «егер, өзіңе қауіп төнетін болса, ақидаңды жасырып, шошқа етін де жеуге рұқсат» дейтін пәтуа бар. Мұхамеджан осы пәтуаға иек артқан сынды. Меніңше, ол енді діни уағызбен елді соңынан ерте алмайтынын әбден түсінді. Сондықтан, жастардың басын қатыру үшін «дағауаттың»» жаңа форматына, жаңа уровеньге көшуге дайындықты бастап кетті. Сөйтіп, жиырма жылға жуық салықтарды бүркеп-жасырып, жалтарып келген қылмысын жасыру үшін, «Асыл арнаны» жауып, «Тәлім ТВ» деген телеарна ашпақшы. Санасына сіңген уды сол телеарна арқылы мысқалдап жастардың миына құя бермек, құя бермек. Бұл мүлдем дұрыс емес нәрсе! 

Біздің билік басындағылар Мұхамеджанның пәлен жыл бойына мемлекеттік тапсырыспен «Асыл арнаға» және өзге түрлі жобаларға қанша қаржы алғанын, ол қаржылардың өз мақсатына жұмсалмағанын анықтау қажет. Тазабеков мемлекеттік тапсырыс бойынша жалғыз "Асыл арнаға" ғана емес, подставной қаншама ИП атынан қаржы алды! Оның есебін шығару да түк қиын емес. 

Ал енді Мұхамеджанның мойындауы бойынша, кешегі күнге дейін жат ағымда адасып келіпті. Ендеше, мемлекеттен "жастар тәрбиесі үшін" алған қаржысы өз мақсатына жұмсалған жоқ қой! Керісінше, миллиондаған бюджет қаржысы жастарды жат ағымның идеологиясымен улауға жұмсалған! Сондықтан, соңғы 20 жылда Мұхамеджан Тазабеков пен оған қарасты адамдардың атындағы ИПлар жасаған интеллектуалдық меншік түгелімен тәркіленіп, дін мамандары мен Мүфтияттың қатаң сараптамасынан өтуі тиіс! Жарамсыз еңбектер жойылып, Тазабеков мемлекет бюджетіне сол дүниенің қаржысын толық өтеуі керек», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сонымен қатар ол Мұхамеджанға діни уағыздар мен шығармашылық жұмыстармен айналысуға мүлдем тыйым салу керектігін айтқан. 

«Мәселе мұнымен қоя салмау керек. Мұхамеджан Тазабековке қандай да бір шығармашылық жұмыспен айналысуға, шығармашылық ұжымды басқаруға белгілі бір мерзімге дейін (реабилитациядан өтпейінше) заңмен тыйым салынуы керек!
Одан кейінгі мәселе: Мұхамеджан Тазабеков әлгі жоғарыда айтқан алқаш секілді ыржың-ыржың етіп, кешірім сұрасам құтыламын деген ойдан аулақ болсын! Кешірсін десе - діни мотивпен қылмыс жасаған, Тазабековтар уағызы әсерімен Сирия асқан қандастардан жариялы түрде кешірім сұрауы тиіс! Бұлай етпейінше, қазақ халқының Тазабековты кешпейтінін білсін! 

Үшінші мәселе. Ең маңыздысы. Тазабековтың ұлттық арнадағы бағдарламасы толығымен жабылып, жаңа телеарна ашуға тыйым салынсын! 
Мұхаңның қандай ақидаға болсын тұрақсыз екені сөздерінен-ақ көрініп тұр. Қай жерде ақша өзен боп ағып, теңіз боп тасыса, ол әрдайым сол жерде! Бәлкім, ол үшін ақида деген ақша ғана шығар? Оны бір Алла біледі!», - деп жазған жазба авторы.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары