$ 444.22  476.38  4.82

Тоқаев пен Путиннің қатысуы тиіс форум кейінге қалдырылды

Көкшетау қаласында өтеді деп жоспарланған Қазақстан-Ресей XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы кейінге қалдырылды.
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

 

Көкшетауда өтуі тиіс Қазақстан-Ресей форумы кейінге шегерілді

Қараша айының екінші жартысында Көкшетау қаласында өтеді деп жоспарланған Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы кейінге қалдырылды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады, деп жазады Аzattyq-ruhy.kz.

«Эпидемиологиялық жағдайдың қиындай түсуіне байланысты Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумының өтетін уақыты кейінге шегерілді. Бұған дейін форум биылғы қараша айының екінші жартысында екі ел басшыларының қатысуымен Көкшетау қаласында өтеді деп жоспарланған болатын», - деп хабарлады.

Өткен жылы дәстүрлі Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XVI форумы Омбы қаласында өтті. Сол кезде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы форум Көкшетау қаласында өтетінін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары