$ 448.56  478.03  4.79

Бүгін Байденді сайлаудағы жеңісімен Назарбаев та құттықтады

Ол телефон арқылы болған келіссөздерді жылы сезіммен еске алатынын атап өткен.
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Нұрсұлтан Назарбаев Джозеф Байденді АҚШ-тың Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы, elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті 2010 жылы Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында өткен кездесуді, сондай-ақ, олардың арасындағы телефон арқылы болған келіссөздерді жылы сезіммен еске алатынын атап өтті», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ол Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік әрі қарай да екі елдің игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары