$ 494.87  520.65  4.91

«Тазабековтің бұл қадамынан мен үлкен қауіп көріп тұрмын» - жазушы

Ұйымның кез келген мүшесі жамағатының алдына шығып, «Мен бүгіннен бастап бізге қас әрі жат ортаға енемін. Солардан ерекшеленбеу үшін амал жасап, сақалымды қырамын, дәстүрлі киім киемін. Бірақ өз жамағатыма берік боламын!» деп ант береді. Тазабековтің де бүгінгі кейпі сол «амал жасау» болып жүрмесін.
фото: qazaqtimes.com
фото: qazaqtimes.com

Мұхамеджан Тазабековтің күтпеген жерден сәлафи ағымынан бас тартып, ахидасын ауыстырып жатқанынан қауіптенетіндердің саны азаймай тұр. Солардың бірі  - Белгілі жазушы-журналист әрі қоғам белсендісі Мұхтар Түменбай.

Жазушының ойынша Тазабеков дәстүрлі дінді насихаттаушылардың арасына әдейі еніп, Діни басқарманы іштен ірітпек. Сонымен қатар, оның Парламентке өту саясаты жатуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мұхтар Түменбай өзінің facebook парақшасында айтыскер ақын әрі «Асыл арнаның» директоры Мұхамеджан Тазабековтің күтпеген жерден өзінің жиырма жыл бойы ұстанған сәлафилік ұстанымынан бас тартуынан бес түрлі қауіп көріп тұрғанын жазған.  

«Мұхамеджан Тазабековтің бір күнде аунап түсіп, сәлафизмді қойдым, дәстүрлі дінге бет бұрдым деген сөзіне біреу сенді ме? Өз басым сенбеймін.

Неге?

1. Сәлаф-иттер секілді реакциондық ұйымның өз адепттерін оңайшылықпен өз уысынан шығара қоюы екіталай. «Кеттім» дегенге бара ғой деп көне қоятын олар емес. Ал Тазабеков сияқты сөзсіз талантты ораторды, идеолог әрі насихаттаушыны жайбарақат жібере салуы тіпті мүмкін емес. Кадрларды бұлай жайына қоя беретін болса бұл ұйым халықаралық деңгейде күш алмас еді.

2. М. Тазабек басшы болғалы салаф-иттердің жеке меншік рупорына айналған «Асыл арна» телеканалы жабылған соң бұл ұйым өз идеологиясы мен өз адамдарын насихаттайтын жаңа ақпарат көздерін іздеуге көшті. Ұлттық арнадан Тазабеков жүргізетін «Тәлім» бағдарламасының шығуы соның айғағы.

3. Тазабековтың Дін басқармасы мүшелерінің алдында жаздым, жаңылдым, адасып сорладым, енді өйтпеймін деп көлгірсуінің де өз мақсаты бар. «Асыл арнаның» орнына ашылған жаңа діни «Халық арнасы» осы Қазақстанның діни басқармасына қарайтын болды. Оған сәлафтар қалай шыдап отырсын. Қалайда бұл іске араласып, өз адамдарын тықпалау керек. Сонымен шектелсе ештеңе емес қой. Тазабековтың бұл қадамынан мен тағы бір қауіп көріп тұрмын.

4. Мұның ар жағында сәлафтардың бұлбұлы дәстүрлі дінді насихаттаушылардың арасына еніп, бұл ұйымды да іштен ірітіп, божыратпасына кім кепіл?   

5. Және соңғысы, сәлафизді насихаттаушыны Парламентке өткізуге қоғам дайын емес. Ал егер Тазабеков өзін дәстүрлі дін ұстанушы ретінде көрсетсе неге өтпеске? Сондықтан, жақын арада бұл сабазымыз саяси партиялардың бірінен үміткер ретінде көріне қалса таң қалмаңыздар.

Сәлаф-иттер тәрізді реакционистік, жартылай астыртын ұйымдарда «Амал жасау» деген ұғым бар. Ол не мағынаны білдіреді? Ұйымның кез келген мүшесі жамағатының алдына шығып, «Мен бүгіннен бастап бізге қас әрі жат ортаға енемін. Солардан ерекшеленбеу үшін амал жасап, сақалымды қырамын, дәстүрлі киім киемін. Бірақ өз жамағатыма берік боламын. Біздің құндылықтарымызды сол жақта насихаттап, дәріптеймін» деп ант береді. Тазабековтың де бүгінгі кейпі сол «амал жасау» болып жүрмесін», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары