$ 494.87  520.65  4.91

Tengri Bank басшылары қамауға алынды

Оларға банк шотындағы 8 млрд теңгені жымқырды деген айып тағылып отыр.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Таяуда ғана қызметі тоқтаған «Tengri Bank-тің» бұрынғы басшылары ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Басқарма төрағасының экс-орынбасары Бақтияр Ілиясов пен Алматы филиалы директорының бұрынғы орынбасары Әсет Жадықов қамауға алынды. Оларға банк шотындағы жалпы сомасы 8 миллиард теңгені жымқырды деген айып тағылды.

Тергеу мәліметтеріне сай экс-банкирлер қаржыны қайтарымсыз несиелер арқылы қалтаға басып келген. Бұл ақпаратты Қаржы министрлігі де растады. Алайда толық мәлімет бермеді.

Еске салайық, «Tengri Bank» лицензиясынан қыркүйек айында айырылды. Қаржы ұйымы нормативтік ережелерді бұзып, жүйелік қателіктерге жол берген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары