$ 494.87  520.65  4.91

«Байқаусызда пышақ тығып алдым»: Жанболат Ағаділді өлтірген жігіт кешірім сұрады (ВИДЕО)

Досым шақырды, төбелесте пышақ ұрдым. Оның Ағаділ Жанболат екенін білген жоқпын.

Әлеуметтік желіде қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің ұлы Жанболат Ағаділдің өліміне күдіктілердің бірі делінген жігіттің кешірім сұраған видеосы пайда болды. Бейне жазбада Өміржан Рахмет есімді өрімдей жас жігіттің Жанболатты байқаусызда өлтіріп алғаны айтылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Мен Астанаға бір жыл бұрын жұмыс істеуге ата-анаммен бірге келдім. Кеше досым мені бір іс бойынша өзіммен еріп баруын өтінді. Ондай ниет болған жоқ, біреуді өлтіріп, ұрып қоямын деген.

Барған кезде төбелес басталды. Төбелес арасында пышақпен ұрып қойдым. Қазір мәлім болып отыр оның Ағаділ Жанболат екені. Мен ол балаларды танымаймын. Жауым емес, қасым да емес. Байқаусызда қашып бара жатып тығып қойдым. Ағаділдің ата-анасынан, туыстарынан кешірім сұраймын. Алла разылығы үшін», - дейді жігіт жігіт өзінің мойындау жазбасында.

Естеріңізде болса, қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің 17 жастағы ұлы Жанболат Ағаділ 10 қарашада түнгі төбелес кезінде пышақ жарақатын алып, қаза тапқан болатын. Ұзамай күдіктілер қолға түскен.

«10 қарашада сағат 22.56-да 102 шұғыл байланыс желісіне Көктал шағын ауданының Болашақ көшесінде болып жатқан жаппай төбелес туралы хабарлама келіп түскен.

Қазіргі уақытта төбелеске қатысқан үшеу, оның ішінде адам өлтірді деген күдікке ілінгендер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілердің кінәсі жинақталған дәлелдемелермен дәлелденеді. Ағаділді ұрып-соғып, өлтірді деген күдіктілер аса ауыр қылмыс жасаған деп айыпталады. Тергеу барысы бақылауда, нәтижелері туралы қосымша хабарланады», - деп мәлімдеген елордалық ПД өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары