Саясат 15.11.2020 сағат 12:45

Көп балалы ана Астана әкімдігінде түнеп жүр (ВИДЕО)

Бұл қадамға ана еріксіз барып отыр.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әсемгүл Ахметова төрт баласымен Нұр-Сұлтан әкімдігінің ғимаратында қонып жүр.
Бұл қадамға ана еріксіз барып отыр екен. Ол жалдап отырған пәтерінен, жүргізушілікпен күн көріс етіп жүрген көлігінен айырылып қалған, деп жазады Айқын.кз.

Содан жалғызбасты ана  кезексіз пәтер алу үшін әкімдікте түнеп жүр.

«Маған пәтер тиесілі. Көпбалалы ана ретінде далада қалу – қиын. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі балалармен тіптен ауыр. Сондықтан бұл жерден менің өлігімді алып шығасыздар не болмаса пәтер бересіздер», дейді Әсемгүл Ахметова.

Көпбалалы ана бұған дейән пәтер жалдап тұрғын. Онда 5 жылдай тұрыпты. Жақында пәтер иесі баспанасын сатпақшы болып, мүгедек балалардың барына қарамастан оны босатуын сұраған. Негізі отбасы сол екі баланың АӘК және балалар жәрдемақысына өмір сүреді. Оның үстіне Әсемгүл таксист болып аздап тиын-тебенін табатын. Қазір көлігін соғып алғандықтан, ол табыстан айырылған.

Әсемгүлдің балаларымен әкімдікте түнеп жүргенін қала әкімдігі де растады. Олар оған кезексіз үй алып бере алмайтынын жеткізді. Жатақханадан бөлме ұсынып еді, көпбалалы ана мүгедек балаларына қолайсыз деп бас тартыпты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар