Парламент Сенаты "ҚР Жер кодексінің кейбір нормаларының жұмысын тоқтату туралы және ҚР 2015 жылдың 2 қарашасынан "ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Заң жобасын жасауға Президенттің 2016 жылдың 6 мамырындағы "Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы" Жарлық себеп болды. Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, мораторий жер кодексінің кейбір нормаларына енгізілген. Нақтырақ айтқанда, ҚР 2015 жылдың 2 қарашасынан "ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның нормаларын қолдануға мораторий жарияланды.
Нақтылап айтқанда, бұл ҚР 2015 жылдың 2 қарашасындағы "ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының нормаларын жүзеге асыру;
Екіншісі, шетелдіктерге ұсыну, азаматтығы жоқтарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сонымен қатар жарғылық капиталында 50 пайыздан аса үлесі шетелдіктердің меншігіндегі заңды тұлғаларға, ауыл шаруашылық жер учаскелерін жалға алу шартымен ұсыну;
Үшінші норма - мемлекеттің меншігіндегі ауылшаруашылығындағы жер учаскелерін жеке меншік құқығына беру.
Заң екі оқылымда қабылданды, алайда кейбір сенаторлар бірқатар сұрақ қойды.
Бірғаным Әйтімова ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевқа сұрақ қойды.
"Біз бүгін шешім қабылдаймыз, заң күшіне енеді, содан кейін сіздердің министрлік алдағы жұмыс бойынша не ұсына алады, қандай бағытқа дайындала беруіміз керек? 1990 жылдан бері тұрақсыз жер кодексіне 6 рет өзгерістер енгізілді. Президенттің тапсырмасымен құрылған комиссия жұмысына әрдайым қатысып жүргендеріңізді есепке алғанда, ол жақта қарама-қайшы ұсыныстар бар екен. Сіздердің ведомство қандай ұстанымды қолдап отыр және енгізіп отырған заң жобасы бойынша қандай бағытта жүреміз?", - деп сұрады Әйтімова.
Вице-министр үш сұрақ бойынша мәселенің біржақты емес екенін айтты. Олар: қазақстандық азаматтардың жеке меншігіне беру, шетелдіктерге жалға беру, ал үшінші мәселе - ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жалға беруді қалдыру - бұл ұсынысты барлығы қолдап отыр.
"Бүгінде бірыңғай шешім әзірше жоқ. Осы шаралардың қорытындысы бойынша (Жер реформасы жөніндегі Комиссия жұмысының - Авт.) жұмада жұмыс топтары жинала бастайды. Мәселенің 80 пайызы жер реформасына қатысты емес, көбісі 10 сотық жер беруге байланысты. 5-6 пайызы жер мәселесі, қалғандары басқа мәселелер. Министрлігіміздің ұстанған ұстанымы жайлы әзірше сөз айтуға ерте, бізде әлі уақыт бар, шілденің соңына дейін аймақтарға барып, халықпен әңгімелесеміз, содан кейін ғана комиссия қандай да бір сұрақтарға байланысты лайықты нұсқа ұсынады. Әзірше мен ұстаным айта алмаймын", - деді Нысанбаев.