$ 498.34  519.72  4.85

Мұхтар Құл-Мұхаммед Ақтөбеге көңіл айту үшін барды ма, әлде...

5 маусым күні Ақтөбеде орын алған лаңкестік оқиғадан кейін "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхамед аталған өңірге барып, содырлар қолынан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты. Мемлекет тарапынан қолдау болатынын да жасырған жоқ. Ал, Мұхтар Абрарұлының бұл сапарын мемлекеттік тапсырысты орындайтын БАҚ өкілдері жарыса жазды.

Иә, еліміздегі бас партияның негізгі өкілі ретінде Құл-Мұхаммедтің Ақтөбеге жасаған сапары орынды-ақ. Моральдық қолдауға мұқтаж марқұмдардың туыстарына және бүкіл ақтөбеліктерге көңіл айтып, қайғысына бүкіл қазақстандықтар да ортақтасты. Бірақ, шайтан түрлі ой салады ғой, Мұхтар Абрарұлы Ақтөбеге расымен де көңіл айту үшін барды ма екен деген ой келіп отыр. Өйткені, осы сапардан кейін араға екі аптадай уақыт салып оның інісі Әкетай Мұратқали Ақтөбе облыстық сотына төраға болып тағайындалды. Бұл туралы Ratel.kz порталы хабарлап отыр. Бәлкім, Құл-Мұхаммед бауырының мәселесі бойынша барған шығар аталған өңірге, кім білсін?!

Жаман ойдан аулақпыз, әрине. Оның үстіне облыстың судьяларын Жоғарғы сот тағайындайтынын да жақсы білеміз. Жай, сәйкестік болар...

Айта кетейік, Әкетай Мұратқали 22 маусым күні облыстың судьясы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары