$ 442.05  474.14  4.74

«Құритын елдің тойы бітпейді»: Астананың «сауықшыл» әкімі тағы да дауға қалып жатыр

Мақпал Мыса есімді ақын қыздың бір сағаттық шығармашылық кешіне 28 млн теңге жұмсалған.
Фото: arasha.kz
Фото: arasha.kz

Пандемиялық ахуал әбден ушығып, халық қарапайым парацетамол, аспирин мен аскорбин қышқылы секілді қарапайым дәрілерге зар болып жатқан тұста миллиардтаған қаржы жұмсап отшашу ұйымдастырам деп жұрттың сынына қалған Астана қаласының әкімдігі әлі ештеңеден сабақ алмағанға ұқсайды. Әлеуметтік желі бетінде әкімшілік қызметкерлерінің коронавирус дертінің күйіп тұрған шағында қомақты қаржыға тағы бір іс-шара өткізгені туралы ақпарат тарап жатыр. Ақпарат көздеріне сенсек, Мақпал Мыса есімді ақын қыздың бір сағаттық шығармашылық кешіне 28 млн теңге жұмсалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Тапсырыс беруші - Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы. Келісім-шарт «ARDA production» ЖШС жасалған. 

Техникалық ерекшелігінде қызмет мерзімі ақпан-наурыз деп көрсетілген. Ал келісім-шарт 2020 жылдың 3 сәуірінде жасалған. 

Техникалық ерекшелігіне сай, өнім берушіге қойылатын талаптар өте көп: 
 дайындық жұмыстарының ұйымдастырылуы мен оның орындалуын қадағалау;
 шараны сапалы, әрі өзіндік ерекше стильде өткізу;
 көрермендерге арналған, сиымдылығы кем дегенде 500 орын болатын концерт 
залымен қамтамасыз ету;
 жарнамалық роликтер жасау және оларды әлеуметтік желілер арқылы аңдату;
 Led-экраннан көрсетілетін видеоконтент әзірлеу; 
режиссерлік-қоюшы топты (сценрист, режиссер, дыбыс режиссері), әкімшілерді, визажистерді, декораторларды тарту және оларға ақы төленуін қамтамасыз ету;
шараға қатысушылар мен ұйымдастырушыларды  жолақымен (ұшу) , Нұр-Сұлтан қаласының ішіндегі көлік қызметімен қамтамасыз ету; 
 КТС-ға түсіруді қамтамасыз ету;
 Шараның республикалық телеарналардың бірінен көрсетілуін қамтамасыз ету және т.б.
Сонымен бірге, техникалық жабдықтарға қойылатын талаптар да жоғары. 

Бұл мәліметтер «Zertteu» қоғамдық ұйымы мен openbudgetkz жобасының фейсбук парақшасында жарияланды.  

Ең қызығы, әкімдіктің үкілеген шығармашылық кеші ақпан айында өткенімен, оны ұйымдастыру туралы келісім-шарт арада екі ай өткен соң яғни 3 сәуір күні жасалған.

 Желі қолданушыларының жазуынша,   бұл жерде біршама заңсыздықтарға жол берілген. Көбі млн-даған қаржының босқа шашылғанын жазған. 

Мен Қазақтың Баласы деген атаумен тіркелген бір қолданушы «Астанадан 2-3 отбасыны үймен қамтамасыз етуге жететін ақша ғой» деп пікір қалдырса, Айсұлтан Жақыпов деген қолданушы «С нуля ақын боп шығуға болады ғой мына ақшаға» деп бір сынап өткен. Аскар Молдабек есімді қолданушының пікірі одан да қызық. Ол «Құритын елдің тойы бітпейді» деп жазып кетіпті. 

Ал Алма Сайлауқызы есімді оқырман мұны «Ақшаны ағызудың Қазақстандық тәсілі...» деп бағалаған. «Болашақ депутат сияқты ғой» деп пікір қалдырғандар да кездескен. 

Айтпақшы ақынның айыбы жоқ деп Мақпал Мысаға қолдау көрсеткендер де табылған.
Журналист Халима Тәжіғұлдың жазуынша, бұл жерде ақынның айыбы жоқ. Оның ойынша, жауапты ақын емес басқалар беруі тиіс.

«Бүгін ақын Мақпал Мысаның жыл басында, коронавирус басталмай тұрып өткен кешіне бөлінген 28 млн теңгеге қатысты сөз болып жатыр. Иә, 23 ақпанда өтіп қойған кештің шарты неге сәуірде жасалғаны туралы елорданың мәдениет басқармасы мен ақын кешін өткізуге жауапты продакшн компания жауабын беруі тиіс. Бәлкім, ақын да бір сөзін айтар. Себебі бұл жерде Мемлекеттік сатып алу туралы заң бұзылған», - деп жазған өзінің деп жазады ол өзінің facebook парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары