$ 494.87  520.65  4.91

Жомарт Ертаев пен оның сыбайласынан 59 млрд теңгеден астам соманың мүлкі тәркіленді

Бұлардың ішінде бизнес санаттағы Mercedes, Lexus, Audi көліктері, автотұрақтар, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларындағы қымбат элиталы пәтерлер, алтын монеталар, құны 600 мың доллар тұратын брендтті сағаттар бар.
фото: ehonews.kz
фото: ehonews.kz

RBK Bank-тің басты айыпталушыларынан 59 млрд теңгеден астам соманың мүлкі тәркіленді, деп хабарлайды arasha.kz сайты. 

Судья Роман Селицкий айыптау үкімін оқу барысында Жомарт Ертаев пен Бахыт Ибрагимнен тәркіленген мүліктердің тізімін жариялады.

• Сомасы 510 млн тенгені құрайтын ақша мен акциялар;
• Сомасы 530 млн тенгені құрайтын мүліктер;
• «Alma Telecommunication Kazakhstan» АҚ-ның сомасы 13 199 517 598 теңгені құрайтын акциялары;
• Құны 3,4 млрд теңгеден асатын ұшақ;
• Мәскеудегі пәтер;
• Mercedes Maybach, Range Rover және басқа да бизнес санаттағы автокөліктер;
• Әрқайсының аумағы 180 шаршы метр болатын курорттық аймақтағы екі коттедж;
• Аумағы 2 458 шаршы метр болатын үш қабатты әкімшілік ғимарат;
• 0,69 гектар жері бар, аумағы 693,3 шаршы метр болатын өндірістік база;
• Құны 10 млрд теңгеден асатын бірнеше жер телімдері.

Сот сонымен бірге бұл іске қатысты басқа айыпталушылардан да құны 4,5 млрд теңгеден асатын мүлікті қайтару жөніндегі талапты қанағаттандырды. Бұрынғы банкирлерден бизнес санаттағы Mercedes, Lexus, Audi көліктері, автотұрақтар, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларындағы қымбат элиталы пәтерлер, алтын монеталар, құны 600 мың доллар тұратын брендтті сағаттар тәркіленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары