$ 494.87  520.65  4.91

Облыстық бас санитар дәрігер Тоқаевтың пікірін теріске шығарды

Біз деректерді жасырмадық деп нақты айта аламын.
Фото: qamshy.kz
Фото: qamshy.kz

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы – Павлодар облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Батырбек Әлиев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус инфекциясы фактілерін жасыру туралы сөздерін жоққа шығарды, деп хабарлады qamshy.kz порталы.

Агенттік мәліметінше, Павлодар облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері коронавирус инфекциясына қатысты деректерді жасырмағанын айтты.

"Біз деректерді жасырмадық деп нақты айта аламын. Мұның бәрін қараша айының басында талдадық. Бізде қазан айында зертханалармен және алғашқы медициналық-санитарлық көмек есепке алған және ескермеген жағдайлармен шамалы сәйкессіздіктер болды. Статистикада 50-ге жуық жағдайдың айырмашылығын анықтадық. Барлық осы жағдай бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар уақытылы жүргізілді, жылдам байланыс орнатылды. Қазір бұл жағдайлардың барлығы есепке алынып, жалпы статистикаға енгізілген. Бүгінгі таңда Сovid-19 бойынша есепке алу және тіркеу жолға қойылған. Зертханалармен күнделікті мониторингте салыстырып тексеру жүргізілуде", – деп мәлімдеді Әлиев сейсенбі күнгі брифингте.

Ол сондай-ақ КВИ ауруының әрбір жағдайы бойынша науқастың үйіне бару қарастырылғанын, сауалнама деректері жиналатынын, симптомның бар-жоғы және соңғы уақытта науқастың кіммен байланыста болғаны анықталатынын хабарлады.

"Біздің мамандарымыздың бірінші толқыннан тәжірибесі бар, барлығы статистикада көрсетіледі", – деді Әлиев.

Еске салсақ, 16 қараша күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет мүшелерімен, бірқатар орган басшыларымен, қалалар мен облыстардың әкімдерімен видеоконференция режимінде кеңес өткізген. Кеңесте мемлекет басшысы кейбір облыстардың коронавирус індетіне қатысты жасыру деректері болғанын айтты.

"Бірқатар облыстарда коронавирус індетіне қатысты жаңа жағдайларды жасыру деректері анықталды. Әңгіме Шығыс Қазақстан,  Солтүстік Қазақстан, Павлодар,  Ақмола,  Қостанай және басқа да облыстар жайында болып отыр. Өтірікті шындай сөйлету аса қауіпті құбылыс екенін түсіну керек. Өйткені ол шынайы қауіптің бетін бүркемелейді", – деді Тоқаев.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары