$ 443.85  474.3  4.8

«Мақсат Толықбай принцип дегеннен жұрдай екен» - журналист

«Журналист ешқандай партияға мүше болмау керек» деп жүр еді, алтын көрген періштедей боп ол кетті.
Фото: Гу-гу.kz, youtube.com
Фото: Гу-гу.kz, youtube.com

Кеше ғана «журналист деген қауым ешқандай партияға мүше болмау керек» деп қаламдас әріптестерін билік режимінен сақтандырып жүрген Мақсат Толықбайдың өзі саясатқа кетіп жатқанын мәлімдеді. Айтуынша, Парламент мінберінде бағын сынап көрмекке бел буған. Осы мақсатта жақында ғана «Адал» деген атауға ие болған ескі де жаңа «Бірлік» партиясының қатарына мүше балып қабылданып жатқан көрінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оны журналистің өзі facebook парақшасы арқылы сүйіншілеген еді.

«Бірнеше партиядан ұсыныс түсті. Ұзақ ойландым.  Қысқасы, алдағы сайлауда «АДАЛ» партиясының атынан кандидат ретінде қатыспақпын. Неге? Өйткені «Адалдағы» жастардың үлесі 60 пайыз болған соң. Қазір қоғам нақты қадамдар күтеді. Парламент заң шығарушы орган ғана емес, онда қоғамның ең өзекті мәселелері түгел айтылуы керек. Бағымды сынап көрейін. Ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді. Нар тәуекел! Азаматтық қоғамның дамуына титтей де болса үлес қоссам деймін.

Өткенде естеріңізде болса «Журналист саяси партияда болмауы тиіс», - деген едім. Қысқасы, бірінші желтоқсаннан бастап  эфирден кетемін»,- деп жұрт күтпеген мәлімдеме жасады.

Бір қызығы, Мақсат мырзаның бұл шешімін кейбір әріптестері онша қабылдай алмай жатқан секілді. Мәселен, журналист әрі қоғам белсендісі Ораз Әлімбеков Мақсаттың бұл шешімін «принципсіздік» деп қабылдайтынын білдірген. Оның айтуынша, журналист өзінің позициясынан айнымауы керек. 

«Мақсат Толықбай есімді журналисте де принцип жоқ екен. «Журналист ешқандай партия мүше болмау керек» деп жүр еді, алтын көрген періштедей боп ол кетті», - деп жазған ол өзінің Facebook парақшасында.

Сонымен қатар ол «Адал» партиясының қосмекенділер ұйымына теңеген. 

«Адал» айран емес,... «қосмекенділер» партиясы ма?

Атын «Адал» деп ауыстырып алған бұрынғы «Бірлік» партиясының саяси кеңесінің құрамына қарап оңаза ойға қаласың. Алғашқыда «Адал» партиясының сайтында саясаттанушы Айдос Сарым «Адалдың» белді мүшесі деп көрсетілді. Кейін ол зып беріп «Нұр Отаннан» бір-ақ шықты. 

«Қойбасы» (қой өсірушілер қоғамының басшысы) Алмазбек Садырбаев та «Ауыл» партясының мүшесі еді. Ол «Ауыл халқы «Ауыл» партиясына үлкен үміт артып отыр. Ауылдағы ағайынның үмітін үзбей, аманатын арқалап саяси додаға қатысқанымыз дұрыс деген ойдамын» деп еді, ол да ауып түсіп, «Ауылға» адалдық танытпады...

Мақсат Толықбай есімді журналисте де принцип жоқ екен. «Журналист ешқандай партия мүше болмау керек» деп жүр еді, алтын көрген періштедей боп ол кетті.

«Адал» партиясының «Атамекен» кәсіпкерлер ұйымымен аралас-құраластығы таусылмайтын жыр-дастан (саясат экономиканың жиынытығы екені еске алып қоялық). Кейбір мәлімет бойынша,  «Нұр Отанның» праймеризін ойлап тапқан саяси технолог әйелдің күйеуі «Бірлік» партиясының атын «Адал» деп ауыстыру жөнінде идея айтыпты... Осылай, осылай... кете береді.

Егер біздегі саясатты биология бойынша тәпсірлесек, онда бұларды қосмекенділердің қандай класына (доғаомыртқалылар,  жұқаомыртқалылар), қандай отрядына (құйрықсыз, құйрықты, аяқсыз) жатқызамыз?», - деп атап өткен жазба авторы. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары