$ 494.87  520.65  4.91

«Дариға мұрагер бола алмайды» – саясаттанушы

Тоқаевтың тұсында 8 түрлі өзгеріс болады.
Фото: qazweek.kz
Фото: qazweek.kz

Саясаттанушы Сейдахмет Құттықадам осыдан 8 жыл бұрын жарық көрген «Қазақ драмасы» атты еңбегінде Тоқаевты мұрагер деп атап, оның тұсындағы Қазақстан гүлденген мемлекетке айналады деген тұжырым жасаған екен, деп жазады Dalanews.kz

Аталмыш дерек көзінің жазуынша, Құттықадам мырза Назарбаевтың орнын ел айтып жүргендей Дариға Назарбаев емес, Тоқаев басатынын айтқан. Сонымен қатар, Тоқаев келсе Қазақстанда сегіз түрлі өзгеріс болады деп болжаған. 

"Дәл қазір Назарбаевтың мұрагері болуға лайық бірден-бір тұлға – Қасым-Жомарт Тоқаев.Тоқаев билікке келсе, Қазақстанда келесідей өзгеріс болады:

1. Тоқаев Назарбаевтың имиджіне нұқсан келтірмеу үшін бар күшін салады. Себебі бүгінгі жетістігі үшін ол Назарбаевқа қарыздар. Президент болған күнде де Назарбаевпен ақыл-кеңесіп, талап-тілегіне құлақ асады.

2. «Нұр-Отан» Тоқаевқа мұрагерлікке қалады. Ол партияны толық түрлендіріп, қауырт ауыс-түйіс жасайды. Сөйтіп заман үрдісіне жауап беретін жаңа көзқарастағы салмақты саяси күшке айналдырады.

3. Саясатта алғашқы уақытта Назарбаевтың сүрлеуінен ауытқымайды. Кейін келе өз стратегиясын сайлап, елдегі ірі деген саяси партиялардың сөзіне құлақ түреді.

4. Оның тұсында оппозицияны тұншықтыру түсінігі келмеске кетеді. Оппозиция өкілдері Парламенттен орын алады. Қарсы тараптың талапты, дарынды деген өкілдерін Үкімет құрамына қосады.

5. Бизнесте бәсекеге бейім орта қалыптастырып, барлығына тең мүмкіндік береді. Бизнестегі барымта-сырымта Тоқаевтың тұсында сап тыйылады.

6. Күні кешеге дейін салықтан босап, білгенін істеп келген  кландар Тоқаевтың талабына көнуге мәжбүр болады.

7. Оның саяси ұстанымы – мәжбүрлеу, алқымнан алу емес, керісінше ортақ мәмілеге келу, тіл табысу.

 8. Бұған көзі жеткен биліктегі саяси және қаржы кландары Тоқаевтың бір жағына шығысып, соның негізінде өзара баланс  табуға тырысады", - деп атап өткен кітап авторы

Сондай-ақ автор өз кітабында Тоқаевтың өте тәртіпті саясаткер екенін айтқан. 

"Тоқаевтың саясатта түгі жоқ. Әлдекіммен байланыс орнатып, әмпей-жәмпей болуға тырыспайды. Қандай да бір саяси құрылымның жетекшісі емес. Саясаттағы атышулы, әкімшіл, әміршіл кландардан аулақ жүреді.

Арқа сүйер қуатты қаржы базасы болған емес. Айдауына жүріп, айтқанына көнетін  mass-media-сы жоқ. Әлдекімдердей билікке ес-ақылсыз ұмтылмайды. Саяси оппонетін жер бетінен жоқ қылып жіберер мерез мінезі тағы жоқ. Популист емес", - деп атап өткен. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары