Саясат 26.11.2020 сағат 12:20

«Сәлафиттер түрмеде отырса да фейсбук, инстаграм арқылы жұрттың санасын улауын жалғастырып жатыр» - Айгүл Орынбек

Олар тіптен әйелін, бала-шағасын қорқытып, үрейде ұстауға көшкен.  Бұл не масқара?
«Сәлафиттер түрмеде отырса да фейсбук, инстаграм арқылы жұрттың санасын улауын жалғастырып жатыр» - Айгүл Орынбек
фото: stan.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақ жастарын әсіредіншілдік пен діни фанатизмнен сақтандырып, қауғадай сақал қойып, паранжаға оранып жүргендерді арабқа еліктемеуге шақырып жүрген белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде тағы бір пост жариялады. Бұл жолғы жазбасында ол сәлафиттердің темір торға қамап, аяқ-қолын кісендеп қойса да қоғам үшін тым қауіпті болып отырғанын айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Заңгердің айтуынша, бала-шағасына таяқтап намаз оқытқаны және әйеліне хиджап кимегені үшін талақ айтып, қол жұмсады деген айыппен сотталып кеткен бір сәлафит түрмеде жатып-ақ  бала-шағасын үрейде ұстап отырғанға ұқсайды.

«Түрмеде отырған сәләфит әйелін қорқытуда!

Бас Прокурор Ғ. Нұрдаулетов назарына!
Ұлттық Қауіпсіздік Комитет төрағасы К. Мәсімов назарына!

Балаларын ұрып намаз оқытқан, әйеліне хиджап кимегені үшін талақ айтқан еркек Тараз қаласында нөмірі 26-шы түрмеде отырып қоқан лоқы көрсетуде екен!

Бір қызығы күнде кешке сағат 22:00 да видео звонок арқылы звондап, ватсаппен хат жазып өлтіріп кететінін айтады екен!

«Түрмеде отырып неше түрлі нөмірмен звондайды әпке, бүкіл туған туыс, әріптестеріме дейін звондап мазамды алып бітті. Мен не істерімді білмеймін қорқамын, көмек беріңізші», - деп инстаграмм арқылы көмек сұрапты.

Енді менен Жамбыл облысы құзырлы органдарына сауал!

Түрмеге телефон кіретінін бәріміз білеміз, түрмеде отырып қарнын кесіп, түсіріп жіберіп жатқандарын көріп жүрміз интернет арқылы.

Енді әйел балашағасын қорқытып, үрейде ұстау бұл не масқара?
Түрмедегі сәләфиттермен жұмыс істеу үшін қыруар қаржы бөлінеді, сонда Таразда теологтар түрмеде отырғандармен жұмыс жасап жатқан жоқ па?

Тіпті ол сәләфиттің фейсбукта, инстаграмда парақшасы бар екен!
Түрмеде отырып, елдің миын улап отырған жоқ па?

Жамбыл облысының ҰҚК-і сіздер осындай жағдай түрмелерде болып жатқанын білесіздер ме?
Әлде тағы да бір сәләф бір отбасыны қырып тастаған соң, қолға аласыздар ма?», деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Дәлел ретінде сотталушының әйеліне жіберген смс-хаттарының фотосын қоса жариялаған. 


 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар