$ 444.32  473.33  4.76

«Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев «Ел тірегі» атты партия құрғалы жатыр» - журналист

Әлтаевтың аунап түсіп, аяқасты «реформашыл», «демократияшыл» болып кетуінің бір ғана себебі бар. Ол кеше «Нұр Отанның» Мәжіліс депутаттығына ұсынған кандидаттарының тізіміне кірмей қалды.
Фото: Гу-гу.kz,aikyn.kz
Фото: Гу-гу.kz,aikyn.kz

Қазақстанның саяси аренасына тағы бір партия қосылып жатқан секілді. Журналист әрі қоғам белсендісі Ораз Әлімбеков өзінің facebook парақшасында «Ел тірегі» атты су жаңа партия құрылғалы жатқанын жазыпты, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы. 

Оның айтуынша, су жаңа саяси ұйымның негізі Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың бастамасымен құрылып жатыр. Бастамашыл топтың алғашқы отырысы ертеңге, яғни 27 қарашаға белгіленіп қойылыпты. 

«... жік шықты, екі құлағы тік шықты
Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев «Ел тірегі» атты партия құрмақшы. Ол партия құру жөніндегі бастамашыл топтың жиынын 27 қарашаға белгілеп отыр. Мұнда қандай гәп бар?

Бұл сұраққа жауап бермес бұрын, Әлтаев «не үшін», «кім үшін» партия құрғысы келетінін айта кетейік.

Әлтаев мүше болып отырған «Нұр Отан» партиясы саяси реформа жасамапты. Сондықтан ол өз алдына партияға құруға «мәжбүр» болыпты.

Әлтаев құрмақшы болып жатқан партиясына жақтастар тарту үшін «Ел тірегі» - сенің партияң» деп жалпақ жұрттың саяси қам көңілін аулағансып қояды. Бұл партияға мүше болған адам ойында не бар, аузына қандай сөз түсті, емін-еркін жасқанбай айта береді екен. «Анархия жасасын!», деп жазған журналист өзінің facebook парақшасында.

Журналистің ойынша Әлтаевтың аяқ-астынан «реформашыл», «демократияшыл» бола қалуына «Нұр Отанның» Мәжіліс депутаттығына ұсынған кандидаттарының тізіміне кірмей қалуы себеп болған болуы мүмкін екенін айтқан.

«Әлтаев партиясының» бұл идеясы саясатта жаңалық емес. Ол Ресейдегі оңшыл-центристік «Новые люди» және «Партия прямой демократии» саяси ұйымдарының идеологиясын қазақ қоғамына жаңалық етіп ұсынбақшы. Яғни, жұртты анархияға шақырып, сол ісімен әлдебір саяси саудаға, саяси шантажға барып отыр.

Әлтаевтың аунап түсіп, аяқасты «реформашыл», «демократияшыл» болып кетуінің бір ғана себебі бар. Ол кеше «Нұр Отанның» Мәжіліс депутаттығына ұсынған кандидаттарының тізіміне кірмей қалды. Ол тағдырының солай болатынын бір апта бұрын анық түсінген. Сонда да кешеге шейін, «Нұр Отанның» сиезі өткенге дейін емізік үмітте болды. Үміті үзілген соң ғана «реформашыл», «демократияшыл» бола қалды...

Депутат болғанға шейін Әлтаев Ауыл шаруашылық вице-министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарғанын білеміз. Бірақ ол осы екі саланы тұралатқан министрліктердің жұмысын жақсарту үшін ештеңе жасаған жоқ. Қолынан іс келмейтінін түсінген ол депутат болып кете барды. Ол қазір осы жылы-жұмсақ орыннан айырылып қалғалы тұр. Елтаев «Саясатпен шұғылданбасаң, саясат сенімен шұғылданады» деген тәмсілді жан-тәнімен сезінді. Енді «Суға кеткен тал қармайдының» жандалбасасын жасап жатыр», - деп атап өткен жазба авторы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жаңа #партия