$ 494.87  520.65  4.91

«Шымкенттің көпбалалы отбасылары Қытайдың ең кедей деген тұрғынынан да екі есеге жуық нашар тұрады» - журналист

Қазақстанда көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақының мөлшері күнге шаққанда әр адамға 247 теңгеден тиеді! Қытайдың ең кедей ауданында жан басы күндігіне 450 теңгеден тиеді екен. Сонда, Шымкенттің көпбалалы отбасы Қытайдың ең кедей тұрғынынан да екі есеге жуық нашар түрады деген сөз ғой!
фото: alashainasy.kz
фото: alashainasy.kz

Белгілі журналист Тоқтар Жақаш өзінің әлеуметтік желісінде шымкенттік шенділердің кезекті қулығын әшкерелеп тағы бір пост жазғаны белгілі болды. Журналистің айтуынша, шымкенттік шенеуніктер қордаланып қалған мәселелерді шешудің орнына азын-аулақ ақшасын төлесең ауызына келгенді жаза беретін біреулерді жалдап жұртқа айдап салуды жақсы меңгерген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ал олар өз кезегінде қала әкімі Әйтеновті өлгенше мақтап, жұрт назарын қордаланып жатқан өзге де мәселелерден аулаққа ұстауға тырысады. 

«Шымкент әкімдігінің алдына жиналған көпбалалы аналар және оларға әкімдік тарапынан көрсетілген көмек туралы екі адамның постын оқыдым. Біреуін Бибіайша, екіншісін Рүстем Әшетаев жазыпты. «Жазыпты» деген аты ғана. Екеуі де бір-бірінен көшірген. Постттың мәні - әкімдікке маза бермей жүрген аналарға «масыл» деген айдар тағу екені көрініп тұр. Өйткені, әкімдік көпбалалы аналарға өз тарапынан түк те жағдай жасамаған! 

Мемлекеттік бағдарламалар мен қайырымдылық қорлары бөлген қаржыны тізбектеп кетіпті. Мысалы, бір анаға бір кварталға 156 мың теңге берілген екен. Айналайын-ау, бір кварталда бақандай үш ай немесе 90 күн бар ғой! Ал көпбалалы ананың шамамен 6 баласы бар делік. Өзімен жеті адам. 156 мың теңгені 90 күнге бөлші. Күндігіне 1733 теңгеден шығады! Мұны 7 адамға бөлейік. Сонда, әр адамға күніне 247 теңгеден тиеді! Қытайдың ең кедей ауданында жан басы күндігіне 450 теңгеден тиеді екен. Сонда, Шымкенттің көпбалалы отбасы Қытайдың ең кедей тұрғынынан да екі есеге жуық нашар түрады деген сөз ғой! 

Одан соң, шенеунік немесе бұрынғы мемқызметкер болмаса қарапайым адамдардың жеке бас мәліметін рұқсатсыз жариялау қаншалықты заңды? 

Жарайды. Бибіайшаны түсінем. Бұл оның жұмысы. Ал мына Рустемге не жоқ? Өсетін жасы бар, басы бар. Әлден айтаққа түскіш шолақбелсенді болса, ертең не болмақ? Жас адамда ұят болуы керек қой!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары