$ 494.87  520.65  4.91

Болат Өтемұратовтың қамауға алынғаны рас па?

Болат Өтемұратов – Қазақстандағы ең ауқатты адамдардың бірі. Forbes оның дәулетін 2,8 млрд долларға бағалаған.
Фото: balbal.kz
Фото: balbal.kz

"Верный капитал" компаниялар тобы Мұхтар Әблязовтің қазақстандық олигарх "Болат Өтемұратовтың қамалғаны және оның үстінен Англия сотына шағым түскені" жайлы жазбасына түсініктеме берді, деп жазады Азаттық.кз.

Бір күн бұрын қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов Facebook-тағы парақшасында бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы іс басқарушысы әрі көмекшісі Болат Өтемұратовтың "ұсталып, елден шығуына тыйым салынғанын" жазған еді.

"Информбюро" сайтының жазуынша, "Верный капитал" компаниясының баспасөз қызметі компанияның басты акционері Болат Өтемұратовтың ұсталғанын жоққа шығарып, оның Нұр-Сұлтанда "қоғамдық істермен шұғылданып жүргенін" айтқан.

Дегенмен компания Өтемұратовтың "БТА Банк" шағымы бойынша Лондон сотында жауапкер екенін растаған, бірақ сот құжаттарынан қате кеткенін алға тартқан.

"Бұл шағымды бастапқыда 2015 жылы "БТА Банк" АҚ Мұхтар Әблязов пен Ілияс Храпуновтың үстінен түсірген. Ізінше жауапкерлер тізімі ұзарып, 2020 жылы қараша айында олардың құрамына Болат Өтемұратов пен оның бизнес-құрылымына кіретін бірқатар тұлғалар енген. Ол шағымның түсуіне "БТА Банк" пен заңгерлері берген жалған құжаттар түрткі болған. Жақын арада шағымға байланысты арыз түсіріледі" делінген компания хабарламасында.

Әблязовтің жазуынша, Өтемұратов өзіне "активтерін жасыруға көмектесті" деген күдікке ілініп отыр. Ол жазбасында Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің де есімін атаған.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі әзірге жауап бермеді.

Болат Өтемұратов – Қазақстандағы ең ауқатты адамдардың бірі. Forbes оның дәулетін 2,8 млрд долларға бағалаған. Ол елдегі тау-металлургия, мұнай-газ, телекоммуникация, қаржы қызметі, жылжымайтын мүлік саласындағы активтерге ие.

Қазақстан билігі Әблязовті БТА банкінің миллиардтаған қаржысын жымқырды деп айыптайды.

2009 жылдан бері шетелде тұрып келе жақан Мұхтар Әблязов өзіне тағылған айыптарды толық жоққа шығарады және билікті "актив көлемі жағынан елдегі ең ірі банкті тартып алды" дейді.

Нұр-Сұлтан оны елге экстрадициялауға күш салғанмен нәтиже шыққан жоқ.

Биыл қазан айында Әблязов Франциядан саяси баспана алды.

2017 жылы Алматы соты Мұхтар Әблязовті БТА банкінің "ақшасын жымқыру ісі" бойынша кінәлі деп тауып, сырттай 20 жылға соттаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары