$ 445.66  474.58  4.78

Елден кетушілер саны жағынан Қазақстан көш бастап тұр

2020 жылдың тоғыз айында республикадан 21 079 адам көшіп кеткен.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасында үш тоқсанның қорытындысына сәйкес, халықтың көші-қоны бойынша ең нашар жағдай Қазақстанда тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LS сайтына сілтеме жасап. 

2020 жылдың тоғыз айында республикадан 21 079 адам кетіп, 9233 адам келген. Демек, 11 846 қазақстандық немесе 100 мың тұрғынға шаққанда 63 адам елден көшіп отыр.


Қырғызстанда да осындай үрдіс байқалады. Бұл елде көші-қон ағыны 100 мың тұрғынға шаққанда 47,6 немесе 3103 адам. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) мәліметтері бойынша, Қырғызстаннан 3992 адам кетіп, 889 адам көшіп келген.

ЕАЭО-ның қалған елдерінде көшіп келгендер мен кеткендер айырмашылығы аса алшақ емес. Мәселен, Ресейде көші-қон өсімі 81 653 адам немесе 100 мың тұрғынға шаққанда 55,6 тұрғын (433 401 адам келді, 351 748 адам кетті), Арменияда - 2 800 адам немесе 100 мың тұрғынға шаққанда 94,3 адам (29 900 келді, 27 100 кетті).

ЕЭК Беларусь бойынша 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі деректерді ұсынған жоқ. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, елде 82 адамға өсім байқалған - 11 097 адам келген, 11 015 адам кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары