$ 447.4  477.55  4.76

Британ соты Өтемұратовтың активтеріне бұғат қойды

Бұғатталған активтер арасында шетелдік ірі банктердегі шоттарда жатқан ақша және Мәскеуде, Венада және Қазақстан астанасында орналасқан Ritz-Carlton қонақүйлеріне жартылай иелік ететін компаниялар бар.
Фото: balbal.kz
Фото: balbal.kz

Ұлыбритания азаматтық соты 13 қарашада Қазақстандағы "БТА банк" ісі бойынша 5 миллиард доллардың активін бұғаттады.

Азаттық радиосының жазуынша, бұл жөнінде 1 желтоқсанда америкалық Wall Street Journal (WSJ) басылымы хабарлады.

WSJ мәліметінше, "БТА" банк Англия мен Уэльстің соттарында бизнес әрекеттер және дүние-мүлік бойынша жаңа адамдарды айыптап, соның негізінде Британияның азаматтық соты активтерді бұғаттау туралы шешім шығарған. Газеттің жазуынша, бұл айыптаулар қазақстандық олигарх Болат Өтемұратовқа қатысты. WSJ жүгінген сот құжаттарына сенсек, "БТА" басқалармен бірге бизнесменді де "банктен ұрланған ақшаны жасыруға көмектесті" деп айыптайды.

Басылымның жазуынша, бұғатталған активтер арасында шетелдік ірі банктердегі шоттарда жатқан ақша және Мәскеуде, Венада және Қазақстан астанасында орналасқан Ritz-Carlton қонақүйлеріне жартылай иелік ететін компаниялар, сонымен бірге Өтемұратовқа және оның ұлы Ануарға тиесілі Burger King фастфуд мейрамханалар желісінің қазақстандық франшизасы бар.

WSJ жазуына қарағанда, бұлар – осы сот бұғаттаған аса ірі көлемдегі активтер, олар әлемнің алты елінде орналасқан.

Газеттің жазуынша, Өтемұратов бұл айыптауларды жоққа шығарады. Басылым олигархтың және басты акционері – Болат Өтемұратов саналатын бұғатталған "Верный капитал" компаниясы өкілінің сөздерін келтіреді. Ольга Әбдірахманованың айтуынша, ағылшын сотындағы айыптаулар "БТА банк" және ондағы адвокаттардың жалған құжаттарына негізделген". Ол бизнесменнің апелляциялық шағым беретінін және бұғаттауды алғызып тастауды талап ететінін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары