$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев республикалық бюджет туралы заңға қол қойды

Бұл ретте зейнетақы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға артады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды. Заңға сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

  • ең төменгі жалақы мөлшері - 42 500 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 18 524 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері - 43 272 теңге;
  • 1 АЕК - 2 917 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 34 302 теңге деп белгіленді.

Бұл ретте зейнетақы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға артады. Бюджет кірістері 11 276 999 610 мың теңге болады деп жоспарлануда, оның ішінде:

  • салықтық түсімдер - 6 635 629 335 мың теңге;
  • салықтық емес түсімдер - 286 359 317 мың теңге;
  • негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3 585 654 мың теңге;
  • трансферттер түсімі - 4 351 425 304 мың теңге;
  • шығындар - 13 756 154 377 мың теңгені құрайды.

Таза бюджеттік кредиттеу - 107 870 996 мың теңге, оның ішінде:

  • бюджеттік кредиттер - 276 469 394 мың теңге;
  • бюджеттік кредиттерді өтеу - 168 598 398 мың теңге.

Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 16 258 898 мың теңге, оның ішінде қаржы активтерін сатып алу - 16 258 898 мың теңге. Бюджет тапшылығы 2 603 284 661 мың теңгеге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 3,4 пайызына жоспарланған.

Бюджеттің мұнайлық емес тапшылығы - 6 963 843 861 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 9,1 пайызы. Бюджет тапшылығын қаржыландыру 2 603 284 661 мың теңге мөлшерінде жоспарланып отыр.

Заң сондай-ақ облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке 451 425 304 мың теңге сомасында алып қоюлар көлемін көздейді, оның ішінде:

  • Атырау облысына - 213 751 848 мың теңге;
  • Маңғыстау облысына - 13 416 746 мың теңге;
  • Алматы қаласы - 190 108 501 мың теңге;
  • Нұр-Сұлтан қаласына-34 148 209 мың теңге.

Заң 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары