05.12.2020, 03:23

5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөзі
Еліміздің кей аумағында тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, жел күшейеді. Оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Синоптиктер 5 желтоқсан, яғни сенбі күні атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің кей өңірінде қар жауады деп болжам жасады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ республиканың батыс облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің кей аумағында тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, жел күшейеді. Оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Атап айтқанда, Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, боран соғып, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз боран соғады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде 22-23 градусқа дейінгі қатты аяз сақталады.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарында тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады.

Тегтер: ауа райы