Саясат 06.12.2020 сағат 16:15

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бос жұмыс орындар жәрмеңкесі онлайн өтеді

Жұмыс тапқысы келетіндер әлеуметтік желіден арнайы тікелей эфирлерді көре алады.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бос жұмыс орындар жәрмеңкесі онлайн өтеді
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту орталығы тұрақты негізде бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізуде. Биыл пандемияға байланысты шара онлайн ұйымдастырылуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс тапқысы келетіндер әлеуметтік желіден арнайы тікелей эфирлерді көре алады. Трансляция кезінде жұмыс берушілер негізгі еңбек жағдайлары мен бос жұмыс орындары туралы айтады.

«Орташа алғанда, бір шағын сұхбат шамамен 10-15 минутты құрайды. Бұл кезде компания өкілдері негізгі жұмыс жағдайларын түсіндіреді. Тікелей эфирді көретіндер және жұмыс орнына қызығушылық танытқандар компанияның байланыс ақпаратын жазып алып, пікір қалдыра алады. Немесе жұмыспен қамту орталығына хабарласса, олар қажетті деректерді табуға көмектеседі», - деп түсіндірді жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Бақыт Рақышева.

Жұмыспен қамту орталығынан Онлайн жәрмеңкелер әр екі апта сайын бейсенбі күні сағат 15:00-де Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту орталығының Instagram-парақшасында өтеді. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің толық нұсқасын IGTV-де көруге болады. Вакансиялар туралы ақпарат www.enbek.kz порталында да жарияланады. Қосымша ақпаратты 7(7172)57 89 37, 57-88-89, 24-83-02, 8 777 116 82 73 телефондары арқылы алуға болады. Жұмыспен қамту орталығының мекенжайы Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» іскерлік орталығы.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар