07.12.2020, 15:20

«Билік өз қолымен халықты алаңға итермелеп отыр» - журналист

Фото: qazaquni.kz
Президент Тоқаев «сайлау әділ өтеді» деп уәде берген еді. Орталық сайлау комиссисияның бақылаушыларға қатысты шығарған қаулысы - нағыз антидемократиялық қаулы деп есептеймін!

Әлеуметтік желі бетінде биылғы жылдың басты жаңалығы Мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысты біршама шу болып болып жатыр. Әсіресе Орталық сайлау комиссиясының әртүрлі қоғамдық бірлестіктердің сайлауға бақылаушы ретінде қатысу мүмкіндігінен айыру мақсатындағы әрекеттері үлкен қарсылық тудырып жатыр.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, бұл үлкен заңсыздық. Бұлн халықаралық заң нормаларын былай қойғанда, қазіргі Конститутцияға олай да, бұлай да қайшы әрекет, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мәселен, журналист әрі қоғам белсендісі Тоқтар Жақаш мұндай қаулымен сайлау өткізбей-ақ қойса да болатынын айтқан. 

«Президент Тоқаев «сайлау әділ өтеді» деп уәде берген еді. Орталық сайлау комиссисияның бақылаушыларға қатысты шығарған қаулысы - нағыз антидемократиялық қаулы деп есептеймін!

Соншама артық талаптар мемлекетіміз міндеттеме етіп алған халықаралық заң нормаларын былай қойғанда, қазіргі Конститутцияға олай да, бұлай да қайшы! Егер, бұл қаулы күшінде қалатын болса, Конституцияның күшін жойып тастау керек! Билік өз қолымен халықты алаңға итермелеп отыр! Мұндай қаулы шығаруды атағынан ат үркетін әлем диктаторлары да армандамаған шығар. 

Мұндай қаулымен сайлау өткізбей-ақ қойса да болады!

Өз басым дәл осы қаулы арқылы билік бір-бірін подставить етіп отыр деп ойлаймын. Басты сұрақ: кім кімді?..», - деп атап өткен ол өзінің facebook парақшасында.

Естеріңізде болса, 4 желтоқсан күні Орталық сайлау комиссиясы алдағы сайлау кезіндегі бақылаушыларға қатысты жаңа қаулы шығарды. Онда фото, бейне түсірілім кезінде заң бұзушылыққа барып жатқан азаматтарды түсіру үшін рұқсатын алу және сайлауды бақылауға Жарғысында адамдардың құқығы мен еркіндігін қорғау міндеті көрсетілген ұйымдарға ғана беріледі деген талаптар бар. Сарапшылардың айтуынша, бұл Қазақстанның «Сайлау туралы» заңына томпақ келеді.