Журналист әрі қоғам белсендісі Серік Боқан өзінің Facebook парақшасында қытай тарапынан тағы бір үлкен қауіп төніп келе жатқанын айтып дабыл қағып жатыр. Журналистің айтуынша, 18 желтоқсаннан бастап Қытайдың коронавирустың негізгі ошағына айналып отырған Чыңду қаласынан Алматыға әуе жолы ашылып жатқанға ұқсайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Сұмдық ақпарат!
Қытайдың Чыңду қаласынан Алматыға 18-желтоқсанан бастап жаңа әуежолы ашылды. Бұған АirАstana ұшағы қатынайды...
Уханнан кейінгі Чыңду қаласы коронавирустың асқынуына байланысты бүгінде «соғыс жағдайына» өткен! Бұл туралы Францияның RFI медиясы хабарлайды.
Бағасы 15 671 юуан, 1 юуан 65.1 теңге болғанда, билет құны бір миллион теңгеден жоғары. Бұл ақпар туралы WE shat сайты жазады.
Демек мұндай миллион теңгелік бағамен ешбір қазақ ұшып келе алмайды. Өкінішке орай, Ухан вирусынан шыбынша қырылып енді есін жиған халықты, Чыңду вирусымен қырып алмаймыз ба?
Бізде ұлттың қаупсіздігін ойлайтын адам бар ма жоқ па?
Неге Қытайдың сансыз қаласынан арнайы бізге ұшатын әуежолдары бар ол аз болғандай, тыңнан неге жол ашты? Сұрақ көп жауап жоқ!
Бұл сұрақ тұтас қоғамды ойлантуы керек...
Шама барда мұндай қисынсыз әрекетке тосқауыл қою керек!», - деп жазған ол өзінің Facebook парақшасында.