Бүгін Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Мұхтар Битеміров, Ермағанбет Қуатбаев, Төреайым Сұлтанова, Айгерім Жұмағұлова "Shymkent Qus" ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесті. Кездесу барысында жұмысшыларға «Nur Otan» партиясының республикалық және қалалық бағдарламасын таныстырылды. Бағдарламамен танысқан жұмысшылар өздерін мазалап жүрген бірқатар мәселелермен бөлісті. Жұмысшылардың басым бөлігі тұрғын үй мәселесі бойынша сұрақтарын қойды. Жұмысшылар мәселесі партия назарына алынып, шешу жолында жұмыстар атқарылатыныны жеткізілді.
Аталмыш кәсіпорында 300-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Күніне 250 мың дана жұмыртқа өндіретін бұл кәсіпорын өзінің жұмысын 2006 жылы бастаған. Фабриканың негізгі бағыты – тауық жұмыртқасын және тауық етін өндіру.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық Сайлауалды бағдарламасының топ 10 басымдылықтарының қатарында орта және шағын бизнесті дамытуға ерекше мән берілген. Осыған дейін де бұл бағытта атқарылған сүбелі жұмыстар аз болмады.
Атап айтқанда, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында:
Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 236 инвестициялық жобаларды іске асыруға 45,3 млрд теңге бөлінген;
9 014 жұмыс орындары ашылады, нәтижесінде 47 пайызы, яғни 4 222-сі жұмыспен қамту органдары арқылы тіркеуге алынған азаматтар жұмысқа жолданады;
Мүлік және табыс салықтарынан 26 мың салық төлеушілер босатылды;
Құрылыс саласында 80 үйдің құрылысына құнды қағаз есебінен 30 млрд теңге қарастырылды;
156 коммуналдық мекемелердің жалға алу төлемдері 3 айға тоқтатылды;
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге 11 жобаға 55 млн теңге көлемінде мемлекеттік грант бөлінді;
ТЖ кезінде несие бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге мораторий қойылды. Мұның бәрі «Nur Otan» –ның халықтың мұң-мұқтажын тыңдайьтын, нағыз істің партиясы екенінің айнымас дәлелі!
Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы жаңа өндіріс орындарының ашылуына және лайықты жалақысы бар тұрақты жұмыс орындарының көбеюіне күш салмақ. Қазіргі танда Шымкентте жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құраса, алдағы 5 жылдықта осы көрсеткішті 4,9 пайызға дейін төмендету жоспарда. Сайлауалды бағдарламада көзделген мақсаттар орындалған соң қалада 3 мың жаңа жұмыс орны ашылады.
«Nur Otan» әрқашан халықтық партия болып келеді. Еліміздің басты саяси күші әрбір азаматтың тағдыры мен болашағына мол жауапкершілік сезінеді. Партия қолжеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмайды. Экономикалық және саяси жаңғыру, қоғамды елдік мақсатқа ұйыстыру, мықты және табысты мемлекет құруға бағытталған өз идеалогиясын ұтымды жүзеге асыра бермек.
«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!
«Nur Otan» – нақты істер партиясы!
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
Шымкент қаласындағы "Nur Otan" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.