$ 494.87  520.65  4.91

«Латифундистер Қазақстанның территориялық тұтастығына үлкен қауіп төндіріп отыр» - Мұхтар Тайжан

Солтүстік өңірлердегі ауылшаруашылығы мақсатындағы құнарлы жердің көбі ресейлік Сбербанк сияқты банктерге кепілге қойылған.
фото: qasym.kz
фото: qasym.kz

Ресей тарапынан жасалып жатқан ақпараттық шабуылдарға қатысты еліміздің кейбір қоғам қайраткерлері мен тарихшылары, саясаттанушылары қарсылықтарын білдіріп, өздерінің уәждерін келтіруде. Олардың басым көпшілігі солтүстік өңірді тез арада қазақыландыру қажет екенін айтып жатыр.

Алайда кейбір кейбір одан да маңызды мәселенің бар екенін айтады. Мәселен қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан өзінің facebook парақшасында латифундизм мәселесінің де өте өзекті болып отырғанын айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның жазуынша, еліміздің солтүстік өңірлеріндегі жерлердің көбі ресейлік Сбербанк сияқты басқа да банктерге кепілге қойылған. Яғни латифундистер кез келген уақытта сол сатып жіберуге дайын отыр.

«Ресейлік депутаттардың біздің жерімізге қатысты әңгімелері сәл тынышталған сияқты. Бірақ мұнда біздің өз билігіміз солтүстік аймақты демографиялық, әскери, әлеуметтік-экономикалық жағынан күшейту тұрғысында тиісті қорытынды шығарғаны маңызды. Оны енді үйретудің қажеті жоқ, өздері біледі деп ойлаймын. 

Және ең бастысы жер мәселесін қағидатты түрде шешуге кірісу керек. Қаншама бос тұрған а/ш жерлері, латифундизм тек экономикаға зиян емес. Қазақстанның территориялық тұтастығына да үлкен қауіп төндіреді! 

Неге? Өйткені ол жерлердің көбі ресейлік Сбербанк сияқты басқа да банктерге кепілге қойылған. Ал латифундистер артық ақшаға жерді де сатып жіберуге дайын тұрады. Оларға қазір тек біздің мораторий ғана (31.12.2021 ж.) кедергі келтіріп тұр. 

Сол себепті де келесі жылы біз жер мәселесін заңнамалық тұрғыдан біржола шешуіміз керек. Биліктің 2003 жылғы осы Жер кодексін қабылдағандағы қателігін түзеу қажет. Латифундизмнің негізі сол кезде қаланды, халық алданып жер пайларынан айырылды, а/ш жерлерін жеке меншікке сатуға, сондай-ақ шетелдіктерге арендаға беруге сол кезде жол ашылды. 

Осының барлығын біз келе жатқан 2021 жылы түзетуіміз керек», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары