$ 444.22  476.38  4.82

Владимир Путин экс-президенттерді қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын заңға қол қойды

Экс-президент тек аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда ғана бұл құқықтан айырылуы мүмкін.

Ресей басшысы Владимир Путин экс-президенттерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайтын заңға қол қойды. 

Құжат құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды. Заңға сәйкес, Ресей Федерациясының бұрынғы президенттерін тұтқындауға, қамауға алуға, жеке тінтуге болмайды, оларды тінтуге немесе жауап алуға тыйым салынады. 

Экс-президент тек аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда ғана бұл құқықтан айырылуы мүмкін. Бұл жағдайда Федерация Кеңесі Думаның мемлекетке опасыздық жасау немесе өзге де ауыр қылмыс жасау айыбын негізіне ала отырып, бұрынғы президентті бұл мәртебеден айыра алады. Одан бөлек, бұл айыптаулар Жоғарғы және Конституциялық сотпен дәлелденуі керек. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары