23.12.2020, 14:40

Елбасы ЖШС президентіне орден табыс етті

Фото: elbasy.kz
Рашит Сәрсенов 1941 жылы Көкшетау қаласында дүниеге келген.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «BSB» Қаржы-өнеркәсіп корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті Рашит Сарсеновке «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденін табыс етті. Бұл туралы Elbasy.kz хабарлайды. 

«Елбасы орденді тапсыра отырып, отандық бизнесменнің елімізді дамыту және өркендету ісіндегі еңбегін ерекше атап өтті», - делінген хабарламада.

Рашит Сәрсенов 1941 жылы Көкшетау қаласында дүниеге келген. 2003 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.