$ 494.87  520.65  4.91

Ресей шовинистерінің қылығы қазақ жастарын қолға қару алуға итермелеп жатқан жоқ па?

Әлеуметтік желі бетінде «Алматы – біздікі» деп айғайлап, тапаншадан оқ атқан жігіттің бейнежазбасы тарады.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Бүгінде Қазақ елінің тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығына күмән келтіріп, «Қазақстанның солтүстік аумағы Ресейдің жері» деп ашықтан-ашық арандатушылыққа барып отырған Жириновский, Никонов, Федоров, Лимонов секілді орыс шовинистерінің мәлімдемесі расын айту керек, халық арасында үлкен резонанс тудырып жатыр. Қоғам белсенділері орыс саясаткерлерінің даулы мәлімдемесіне қатысты өз ұстанымдарын білдіріп, нақты ұсыныстарын білдіріп жатыр. Күні кеше ғана намысшыл жастар Петропавл қаласының атауын «Қызылжар» деп өзгерту туралы бастама көтеріп, әкімшілікке арнайы петиция тапсырғанын айта кету керек. 

Бәрі дұрыс-ақ! Өкінішке қарай бұл мәселені өздерінше бұрмалап,  хайп ретінде пайдаланып қалуға тырысып жатқандар да бар секілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желі бетінде «Алматы – біздікі» деп айғайлап, тапаншадан оқ атқан жігіттің бейнежазбасы тарап жатыр. Бейнеден бір жас жігіттің пәтерінің терезесінен аспанға қаратып бірнеше рет оқ атқанын байқауға болады. Сосын бұл әрекетін түнге қарай далаға шығып тағы қайталаған. 

Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, әлеуметтік желіде таралған бұл видеоға қатысты тергеу басталған. Сонымен қатар, күдіктілердің жеке басы анықталған.

Қалалық ПД бұл видеоға қатысты түсінік берді.

«Бостандық ауданының ПБ аталған видеодағы күдіктілердің жеке басын анықтады. Олар міндетті түрде ұсталып, жауапкершілікке тартылатын болады. Олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Біз міндетті түрде видеода қандай қару қолданылғанын анықтайтын боламыз", - деді полиция. 

Видеоның астына пікір қалдырғандардың барлығы да  жас жігіттің бұл қылығын хайп деп бағалаған. 

paryz.kz сайтының жазуынша, мұндай жағдай бұрын да қайталанған.

«Еске сала кетсек, мұндай жағдай алғаш болып отырған жоқ. Бұған дейін де бір жас жігіт «Астана - біздікі!» деп "ұрандатқан" болатын. Тіпті, ол «Астана - біздікі!», «барлығын қырып саламыз» деп қоғамды дүрліктерген еді. Кейін қарулы жігіт қолға түсіп, елден видео арқылы кешірім сұрады. Құзырлы органға сенсек, «басты кейіпкер" күні бүгінге дейін түрмеде отыруы керек екен. Алайда, заңның бостығын пайдаланып, ол мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан көрінеді. Кейін бұл "батырдың" аты-жөні белгілі болды. Ол түркістандық 24 жастағы Дәурен Ахметжанов екен.

Ал енді Алматыны «иемденіп» алған мына қарулы жігіт те елден видео арқылы кешірім сұрауы мүмкін», - деп жазған аталмыш дерек көзі. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары