$ 444.22  476.38  4.82

«Ел тәуелсіздігіне балта шабуды көздейтін «НОД» ұйымына тыйым салынсын»: қоғам белсенділері Тоқаевқа үндеу жолдады

Еліміздің астанасында ҚР тәуелсіздігіне, ел тұтастығына балта шабуға дайын отырған козғалыстың жеке кеңсесі, веб сайты, арам пиғылдарын ашық үндеумен жеткізіп отырғаны Конституцияға қайшылық емес пе?
Фото: dalainform.kz
Фото: dalainform.kz

Алматы және Астана қалаларында Ресейдің мүддесіне жұмыс істейтін НОД  (Ресейдің Ұлт-азаттық қозғалысы) деген ұйым бар деген ақпарат әлеуметтік желі бетінде қызу талқыланып жатыр. Ең қауіптісі сол, Путиннің Қырымға қатысты басқыншылық саясатына үлкен үлес қосқан бұл ұйымның басшысы өзге емес Қазақ жеріне қатысты жөнсіз мәлімдемелер жасап жүрген ресейлік депутат Евгений Федоровтың өзі болып шыққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл ақпарат, әрине, қазақ қоғамы арасында үлкен қарсылық тудырып үлгерді. Ботагөз Иса бастаған кейбір қоғам белсенділері Мемлекет басшысы Тоқаевтың атына аранйы Үндеу жолдап, ел тұтастығына үлкен қауіп төнгенін айтып жатыр. 

Қоғам белсенділерінің айтуынша, бұл енді шектен шыққандық. Бүтіндей елдің тұтастығына балта шабуға дайын отырған козғалыстың өзге емес дәл Ұлттық қауіпсіздің комитеті бас ғимаратының қасынан жеке кеңсе жалдап, арнайы веб сайт жүргізіп (http://astana.rabstvu.net/) отыруы үлкен қауіп. 

«Қазақстан Республикасының президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің басшысы Кәрім Мәсімовқе.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратураның прокуроры Гизат Нұрдаулетовке


ҮНДЕУ

Біз, Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде, Елде еркін ашық жұмыс істеп жатқан Ресейдің Халық-азаттық қозғалысына (Народно-освободительное движение, НОД) ДЕРЕУ КЕЗДЕ ТИЫМ САЛУДЫ ТАЛАП ЕТЕМІЗ!

1. Бұл қозғалыстың жетекшісі Ресейдің Мемлекеттік Думасының депутаты Евгении Алексеевич Федоров Қазак елінің тұтастығына күмән келтіріп, Қазақстан Республикасында сепаратистік пиғылмен ақпарат шабуыл жасап отырғаны бәрімізге мәлім.

2. Жақында оның әріптесі Никоновтың қазақ халқына бағытталған «жерді беріңдер де кетіңдер» деген арам сөздерінен кейін еліміздің сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясының уақытша сенімді өкілін шақырып, Нота тапсырған болатын. 

3. Еліміздің астанасында ҚР тәуелсіздігіне, ел тұтастығына балта шабуға дайын отырған козғалыстың жеке кеңсесі, веб сайты, арам пиғылдарын ашық үндеумен жеткізіп отырғаны Конституцияға қайшылық емес пе?

ЖАҚЫН УАҚЫТТА ӨТЕТІН МӘЖІЛІС ПЕН МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ АЛДЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ НАРАЗЫЛЫҒЫН ТУДЫРМАНЫЗДАР! ҚАЗАҚ ХАЛКЫ ҮШІН ЖЕР, ЕЛ ТАҒДЫРЫ БІРІНШІ ОРЫНДА», - делінген қоғам белсенділерінің Үндеуінде

Естеріңізде болса, белгілі саясаткер, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің экс-мүшесі Мұхтар Тайжан өзінің Facebook желісінде еліміздің екі қаласында Ресейдің Мемлекеттік Думасының депутаты Евгении Алексеевич Федоров басқаратын Ресейдің Ұлт-азаттық қозғалысы ұйымының филиалдары бар екенін жазған болатын. 

«Кәрім Қажымханұлы Мәсімов (ҰҚК), Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев (ІІМ), Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов (Бас прокуратура), біз сияқты қарапайым азаматтарға түсіндіріңіздер, күні бүгінге дейін Қазақстанда Ұлттық азат ету қозғалысы ұйымы қандай себептерге байланысты жұмыс істеп тұр? Олардың ашық түрдегі негізгі мақсаты – Қазақстанның тәуелсіздігін және территориялық тұтастығын жою», - деп жазған ол.

Қоғам белсендісі сонымен бірген аталған ұйымның кеңселері орналасқан мекенжайды да атады.

«Бұл ұйымның Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында кеңселері бар. Олар ашық түрде ұйымға адамдар жинайды. Нұр-Сұлтандағы мекен-жайы (Сығанақ к-сі, 19. Ал Сығанақ 20 мекен-жайы) – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратында. Кәрім Қажымханұлы, сіздерге көрші орналасқан. Мұндайға қалай жол беруге болады? Ал Ұлттық азат ету қозғалысы ұйымының басшысы – ресейлік депутат Федоров!» - деп жазған болатын Мұхтар Тайжан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары