$ 494.87  520.65  4.91

«Бастықтарға ғана нағыз вакцина салынып, қалғанымыз малдың дәрісімен егіліп жүрмейік» - қоғам белсендісі

Біздің денсаумин шенеуніктерінен ол да шығады.
Фото: facebook.com/kuanys
Фото: facebook.com/kuanys

Соңғы кездері коронавирусқа қарсы вакциналарға қатысты алып-қашпа ақпараттар көбейіп кетті. Тиімділігі 96-97 пайыз делінген Pfizer екпелерінен кемшілік кетіп, вакцина салдырған бірнеше адамның бет ауызы қисайып қалды деген ақпарат тарап үлгерді. Сол секілді, Мамин үкіметі қаты қызығып отырған ресейлік «Спутник» вакцинасының да бір қайнауы кем екенін айтып жатқандар көп. Бірақ соған қарамастан, ел билігі сол орыс вакцинасын алу ниетінен әлі бас тартар емес, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көптеген сарапшылар вакцина мәселесіне әлі де сақтықпен қарау керек екенін айтып жатыр. Солардың бірі – сарапшы Қуаныш Еділхантегі. Оның айтуынша, қазақстандықтарға салынатын екпелерді қатаң қадағалауда ұстау қажет. 

«Қазақстан ковидке қарсы орыстың "Спутнигімен" бірге әмірикалық Pfizer компаниясының да вакциналарын алатын болыпты.

Бұл, әрине, шетелде ветеринарияға арналған деген атауға ие болған "Спутникпен" салыстырғанда әбден сынақтан өткен, жақында ғана жаппай өндіріске рұқсат етілген препарат. Бағасы да «Спутниктен» екі есе қымбат, минус 70 градус температурада сақтауға арналған.
Жәрайды, енді тек осы препараттың барлық қазақстандықтарға салынуын қадағалау керек шығар, әйтпесе ол тек бастықтарға ғана салынып, қалғанымыз малдың дәрісімен егіліп жүрмейік. Біздің денсаумин шенеуніктерінен ол да шығады.

Осыны пайдаланып мына хабарламаға назар аудара кетейін - жақында интернетте АҚШ-та ковидке қарсы егілгеннің салдары деп бет-аузы қисайып кеткен үш адамның фотосы мен есінен танып қалған бір медбикенің видеосы тарады. Мен осыған сенген жоқпын. Бірден ойыма қашқаны - бұл орыстардың кезекті фейк-хабарлары деп ойлаймын. 

Мақсаты - әдеттегідей АҚШ-ты жамандаумен қатар өздерінің "Спутнигін" жарнамалау. Тіпті солай болған күннің өзінде де, АҚШ-та 300 млн адам бар, оның ішінде инсульт, талма ауруы бар бірен-саран адамдар кездесуі мүмкін ғой? Вакцина, мүмкін, сондай ауруы бар адамдардың бұрынғы ауруын қоздырып жіберген шығар? 

Ал Ресейде статистика бойынша 140 млн, шынтуайтында 100 млн адам ғана бар, бірақ бірде-бір вакцина ектірген адамды көрген жоқпыз. Көрсек, қанша адам өлгенін көріп шошып кетуіміз мүмкін, әйтпесе неге өздері ектірмейді? Мысалы Путин?», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары