$ 447.4  477.55  4.76

«Мамин үкіметі Қытай экспансиясын «стратегиялық серіктестік» деген ұранмен бүркемелеп отыр» - қоғам белсендісі

Қазақстанға енген қытай өндірісі ерте ме кеш пе ішкі рентабелді, аяқтан тұрып келе жатқан жергілікті кәсіпорындарды бәсекелестік тұрғысынан банкротқа түсіреді.
фото: astana-akshamy.kz
фото: astana-akshamy.kz

Ардагер дәрігер, журналист әрі қоғам белсендісі Нұрлыбай Қошаманұлы елімізге мысқалдап кіріп жатқан Қытай экспансиясына алаңдаушылық білдіріп тағы бір жазба жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қоғам белсендісінің айтынша, Қытай үкіметі инвестиция және технология деген желеумен Қазақстанды экономикалық тұрғыдан экспансиялауға мықтап кірісті.

«Қытай Қазақстанға экономикалық «шаңды жорығын» бастады.
Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайы Қытайдың 51 кәсіпорнының (зауыттары) қазақ жеріне жасағалы отырған «шаңды жорығы» олардың әу бастан жоспарлаған экономикалық экспансиясына аса қолайлы шарттар туғызып берді. Қытай шикізатқа бай елдердің бірі ретінде жаңа отаршылдық саясатын күшейтіп қана қоймай, сонымен бірге батыстық инвестиция мен технология есебінен өз өнеркәсібін тез арада техникалық тұрғыдан қайта жабдықтау мен күшейту арқылы да өзге елдерді, соның ішінде Қазақстанды экономикалық тұрғыдан экспансиялауға мықтап кірісті.

Елді тонап, жер байлығының несібесін өзіне бұйыртпау, өзгеге кіріптар ету қоғам алдында, халықтың алдында, керек десеңдер, тарих алдында кешірілмейтін қылмыс дер едім. 
Біздің билік осының бәрін: «Қазақстан мен Қытай әлеуеті өзара бірін-бірі толықтыруда, стратегиялық серіктестігіміз жарқын, келешегі нәтижелі және шынайы достық, түсіністік рухында дамуда» - деген үлкен сөздермен бүркемелеп, олар мұның барлығын қазақ экономикасын көтеру мақсатында атқарып жатқан игі істеріндей көрсеткісі келеді», - деп жазған ол өзінің ол өзінің facebook парақшасында. 

Сонымен қатар ол, экономиканы сылтау етіп елімізге қытайлықтардың қаптап келіп жатқанын айтқан. Оның айтуынша, әзірдің өзінде елімізде Қытай диаспорасы қалыптасып үлгерген. 

«Ағайын, қазақ жеріне қытайлықтардың экономикалық экспансиясы басталды. ҚАЗІРДІҢ ӨЗІНДЕ «БАР БОЛҒАНЫ АСА ҚАЖЕТ ҚЫТАЙ МАМАНДАРЫ» ДЕГЕН ЖЕЛЕУМЕН ҚЫТАЙ ДИАСПОРАСЫ ҚАЛЫПТАСУДА. Бұл адами экспансияға негіз. Соңғы жылдары Қытай Қазақстан экономикасына бірнеше ондаған миллиард доллар ақша салды. Қазақстанға енген қытай өндірісі ерте ме кеш пе ішкі рентабелді, аяқтан тұрып келе жатқан жергілікті кәсіпорындарды бәсекелестік тұрғысынан банкротқа түсіреді. Сөйтіп, банкротқа ұшыраған әрбір қазақстандық кәсіпорындар біртіндеп қытай меншігіне (акцияларын сатып алу жолымен) өте бастайды.

БҰЛ АКСИОМА. Себебі, соңғы жылдары қытай инвестициясы тек мұнай мен газ емес бүгінде ол транзиттік-көлік инфрақұрылымын, сауданы, өңдеуші өнеркәсіпті, қаржы және энергетикалық секторларды, машина жасауды және басқа да маңызды салаларды да қамтып, қазірдің өзінде өз қазағымыз игеретіндей ештеңе қалдырмады. Қытай осылай Қазақстан экономикасының әлсіз тұстарын іздестіріп, қолайлы тұсынан тұншықтыруға ұмтылуда. Және айтарым, уақыты келгенде ауыл шаруашылығы (мал шаруашылығы) да қытай меншігіне өтуі әбден мүмкін.

Қазіргі кез бізде жемқорлық пен сыбайластықтың заманы емес пе... Осыны жақсы біліп алған коммунист Син Цзи Пин Қазақстанға бағытталған 51 заводтың аясында қытайлықтарды миллиондап кіргізудің «бақай есеп» басты жоспарын мемлекеттік бағдарламаға енгізіп қойыпты. Оның соңынан мың-мыңдап, миллиондап жұмысшылары ағылады. Сондай-ақ, Қазақстанда тұрақтап қалатын әрбір қытай азаматын қаржыландырудың жолдарын ойластырып, миллиардтаған юанын да әзірлеп қойған. Бүгінгі Қытай саясаты таза ЭКОНОМИКАЛЫҚ агрессорлық бағытта жүруде. Агрессия тек соғыспен ғана жүрмейді, кей жағдайда жымысқы бейбіт жолмен де жүзеге асып жатады. Бабаларымыздың: «қазаққа заманақыр келсе ол қытай жағынан болады» дегені келіп тұр.

ТОҚЕТЕРІ: Қытай Қазақстан экономикасында үстемдікке ие бола бастады. Қытай жағынан мемлекеттігіміздің, бірлігіміздің, жеріміздің тұтастығына, тәуелсіздігімізге қауіп төніп тұр АҒАЙЫН!!! 2021 - қазақтың тағдырын шешетін жыл болады. Алдағы сайлауда Нұротандықтар жеңіске жетер болса, қытайдың жоғарыда ойлаған бар жымысқы саясаты ОРЫНДАЛАДЫ.
ОЙЛАН ҚАЗАҚ!!!», -  дейді жер жанашыры.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары