$ 494.87  520.65  4.91

«Шет елдіктерге лайк басқызып, просмотр жинаған кандидат ертең халыққа қызмет жасамайды» - заңгер

Әсіресе Әнәнди келіннің туысқандары көбірек қолдау білдіріп отыр. Жоғары жақ білсін, төменгі жақтағылар қандай қитұрқы жолмен рейтинг жинап жатқанын!
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

Сайлау науқаны жақындаған сайын мәжіліс төрі мен мәслихат креслосынан үміттілер үгіт-насихаттың алуан түрін пайдаланып бағып жатыр. Әсіресе, әлеуметтік желі беті қатты белсенді. Әр түрлі өнер адамдары мен әр саланың мамандарын тартып, өзіне дауыс беруге шақырып жатқандар да баршылық. Қызық болғанда, сондай үміткерлердің бірі өзінің насихат материалына сонау Үндістан елінің тұрғындарын тартып, қолдау білдіртіп, лайк басқызып жатқанға ұқсайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің facebook парақшасында жариялады. Оның айтуынша, бұл енді шектен шыққандық. Шет елдіктерге лайк басқызып, просмотр жинаған кандидат, ертең халыққа қызмет жасамайды.

«Нұр Отан үміткерлерін шет елдіктер қолдайды!

Әсіресе Әнәнди келіннің туысқандары көбірек қолдау білдіріп отыр. 
Жоғары жақ білсін, төменгі жақтағылар қандай қитұрқы жолмен рейтинг жинап жатқанын!

«Нұр Отанның» өзінде халықтан қашатын депуттар бар екенін көргенбіз!
Еліміздегі бас партия бәріне үлгі болу үшін, бірінші өзінің ішін тазартсын!

Шет елдіктерге лайк басқызып, просмотр жинаған кандидат, ертең халыққа қызмет жасамайды. 
«Қолдаудың барлығын сатып алғам, маған дауыс бермегенсің», деп алдына барған адамды қуып шығады! Ондайлардың талайын көргем!

Сол үшін осы бастан партия ішін тазартуымыз керек!
Өтірікші суайттардың маскасын шешіп шығару керек!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары