$ 448.15  483.46  4.86

Си Цзиньпиннің саясатын сынға алған миллиардер жоғалып кетті

Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Маның жұрт алдына шықпағанына екі ай болды.
фото: uzreport.news
фото: uzreport.news

Қытайлық миллиардер, Alibaba негізін қалаушы Джек Маның жұрт алдына шықпағанына екі ай болды. Алып бизнесі Пекин шектеуіне ұшыраған кәсіпкердің қайда екені белгісіз, деп жазады Азаттық радиосы. 

 Қытайлық танымал кәсіпкер соңғы рет қазан айының соңында Шанхайдағы форумда жұрт алдында сөйлеген. Жиын кезінде Ма Қытайдың қаржылық реттеу жүйесін сынаған, ізінше Қытай билігі Алибабаға еншілес компания Ant Group-тың акцияларын жариялауды тоқтатқан.

Қытай коммунистік партиясы әдетте сынға төзбейді және басшылардың қателіктері жайлы ақпараттарға тыйым салады. Қараша айында Ма кәсіпкерлерге арналған "Африканың бизнес қаһарманы" атты шоудың әділқазылығынан шеттетілген. Alibaba корпорациясының ресми өкілі Рейтер агенттігіне жюриліктен шеттетуге қазан айындағы дау себеп болғанын айтқан. Бірақ жай-жапсарына тоқталмаған.

Маның қазан айындағы сөзі қытайлық мемлекеттік органдардың Alibaba-ға қарсы тексеріс бастауына түрткі болды. Өткен аптада Қытай билігі Ant Group операцияларын қысқартып, компанияның басқару тиімділігіне күмән келтірген.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Джек Ма #Қытай