$ 444.22  476.38  4.82

«Ел тәуелсіздігіне балта шабуды көздейтін арандатушы күштер ашық айқасқа шыға бастады» - қоғам белсендісі

Осындайда Президенттің, Үкіметтің, СІМ-нің және біздің саясатшыларымыз бен тарихшыларымыздың әлі күнге дейін бұған мән бермеуі түсініксіз.

Ардагер дәрігер, журналист әрі қоғам белсендісі Нұрлыбай Қошаманұлы еліміздің тұтастығына балта шауып, Қазақстанды іштен шайқалтуға бағытталған арандатушы күштердің көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, ондайлардың әрекеттері соңғы кездері тым белсенді болып барады. Бұны қазақ қоғамы «үлкен дауыл алдындағы ысқырық» деп түсінген жөн.

«Қазақстанды іштен шайқалтуға бағытталған арандатушы күштер бас көтеріп жатыр. Осындайда Президенттің, Үкіметтің, СІМ-нің және біздің саясатшыларымыз бен тарихшыларымыздың әлі күнге дейін бұған мән бермеуі түсініксіз? Олардың әрекеттері тым белсенділік алып барады. Бұл қоғамға «үлкен дауыл алдындағы ысқырықтай» әсер етуде.

«Қазақстанның территориясы мен Тәуелсіздігін мойындамайтын Думаның Федоров дейтін депутаты – Ресейдегі «Ұлттық азат ету қозғалысын» құрды. Дәл осы «Ұлттық азат ету қозғалысы» (народно освободительное движение, қысқаша - НОД) 2012 жылы Ресейде тіркелген. Оның негізін қалаушы - Евгений Алексеевич Федоров. Штаб-пәтері – Мәскеуде орналасқан. Ең сорақысы сол – Федоровтың «Ұлттық азат ету қозғалысының» филиалы Қазақстанда да жұмыс істеп жатыр. «НОД АСТАНА» деп аталатын сайттары ашық тұр. Жәй тұрған жоқ, «Біздің қатарымызға қосыл» деп, шақырып жүр» (Қараңыз: Абай кз)...

Бұл аз болғандай енді бұларға орыс-казактары қосылды. Қазақстанда әскери болмасаңыз, ондай киімді заңсыз киюге рұқсат жоқ. Қоғамда әскери форманы киген тұрғындардың құқық бұзушылықтары мен тәртіп бұзушылықтары, әскери қызметкерлер жасаған бұзушылық ретінде қабылданады. Осыған байланысты кеше ғана қазан айында науқандық шара өтіп, арнайы дүкендерде, базарларда ашық сатылып жатқан қолжетімді «әскери киім үлгілерін» киген қарапайым адамдарды, тіпті ауылдағы малшыларды да қуалап жүріп ұстап, заңнамаға сәйкес, жеке тұлғаларға – 5 АЕК (13 890 теңге) және заңды тұлғалар үшін деп - 25 АЕК (69 450 теңге) көлемінде айыппұл салынды. 

Ендеше бұл талап орыс казактарының әскери форма киген құрамаларына, жекелеген өкілдеріне және офицерлеріне неге жүрмейді???», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында. 

Осылай деп атап өткен ол іштен іріткі салуға ұмтылып отырған ресейшіл бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдарды, БАҚ құралдарын заң аясында тезге салатын уақыт келгенін айтқан. 

«Осы жайларды жария ете отырып,
МӘЛІМДЕЙМІН

«Казактардың әскери бірлестіктерінің және – Федоровтың «Ұлттық азат ету қозғалысының (НОД) әрекеті Конституцияға қарсы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік дербестігі мен аумақтық тұтастығына қауіп төндіретін, қазақ халқының ұлттық ар-намысына тиетін, ұлтаралық араздықты өршітетін, қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыратын және қазақ жерінде отарлаушылық әскери-атамандық құрылымды қайта түлетуді көксеушілік деп танылып, тәуелсіз мемлекеттің ішкі ісіне сырттан қол сұғушылық деп бағалансын!

Әрекеттері заңдық тұрғыдан өз бағасын алып, болашақта Қазақстанда мұндай ұйымдарды құруға заң жүзінде тиым салынсын!

Алдағы уақытта қоғамға жат арандатушылықты болдырмау үшін жергілікті өкіметтер мен құқық күштерінің іс-қимылының өзіндік тәртібі белгіленсін!

Мемлекеттік дәрежеде саяси және құқықтық баға берілсін!», - делінген ел Президенті Қ.Тоқаев және Бас прокурор сондай-ақ, СІМ-ді белгілей отырып жазылған үндеу хатта. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#шовинизм