$ 447.4  477.55  4.76

«Абай жолы» сериалында салафиттер қайдан жүр?» - журналист

Оспан мен Күнтудың болыс сайлауына қатысып отырған сақалы бар, мұрты жоқ адам кім? Бажайлап қарасаңыз, осы күнгі салафиттерден аумайды.
Фото: facebook
Фото: facebook

Биылғы жылдың басты жаңалықтарының бірі – екі бірдей телеарнада «Абай жолы» сериалдарының түсірілуі болды. Өкінішке қарай, бұл екі туынды да жұрт ойлағандай болмай шықты. «Қазақстан» ұлттық арнасы түсірген «Абай»  көрермен көңілінен шыға алған жоқ. Сол секілді Хабардың «Абайынан» да кемшілік тауып, сын садағына алып жатқандар табылып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Солардың бірі – журналист Серік Жолдасбай. Журналистің айтуынша, көркемдік жағынан біршама тәуір болып шыққанымен, сериалдың әттеген-ай дейтін тұстары аз емес.

Мәселен, қазіргі үлкен мәселе болып отырған салафизм ағымы мен сақал мәселесі сынамалап кіріп кеткенге ұқсайды. 

«Абай заманында салафит болған ба?

Шыны керек, «Хабардың» Абайы «Қазақстан» ұлттық арнасы түсірген топтамадан анағұрлым жақсы болып шыққан екен. Қайым Мұхамедхановтан бастап, Мұхтар Әуезов пен Абай Құнанбайұлының тағдыр-тауқыметін режиссер әсерлі суреттеген. Мұраттың алғашқы туындысы осындай сәтті болса, демек, одан жақсы режиссер шыққалы тұр. 

Бірақ көңілде бір ғана дақ қалды.

Оспан мен Күнтудың болыс сайлауына қатысып отырған сақалы бар, мұрты жоқ адам кім? Бажайлап қарасаңыз, осы күнгі салафиттерден аумайды. Абай заманында салафиттер болды ма? Мойындау керек, «Абай жолы» сериялы - өте сәтті түсірілген туынды. Алайда Мұрат бауырымыз "салафиттер бұрын да болған" деп айтқысы келді ме, әйтеуір, «сақалы бар, мұрты жоқ» адамды көрсетуді ұмытпапты. Тырнақ астынан кір іздеп отырғаным жоқ. Бірақ та мемлекеттік телеарнадан салафизмді насихаттап отырған жоқпыз ба?», - деп атап өткен ол өзінің facebook парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары